|
Құстар әлемі: Өте ақылды қарға (видео)
|
Жылы жаққа ұшқан құстар тынығатын орынды қалай таңдайды?
Ғалымдар жылы жаққа бет алған құстардың қанаттары талғанда тынығатын орынды қалай таңдайтынын анықтады. Сөйтсек, құстар қалың шөп өскен жерде аялдағанды жөн көреді екен. Жыртқыштардың көзіне түспес үшін. АҚШ-тың Мэн штатындағы университеттің жаһандық жылыну институтының мамандары Дженнифер МакКейб пен Брайан Олсен күз мезгілінде жылы жаққа ұшқан құстарды бақылаған болатын. Олар құстардың 28 түрінің 10 мыңдайын бақылаған екен. Ғалымдар алты ай бойы Мэн жағалауында құстардың ұшып-қонуын бақылай жүріп осындай тұжырымға келген. Бұл жайында Nature World News ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады
■
Адамзатқа төнген 17 қауіптің арасында аталған семіздік індетін анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі