Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?
Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?
3 жыл бұрын 1514

Алматы қаласындағы №36 емхананың педиатр-дәрігері Майя Шегебаеваның айтуынша, медициналық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға, ал мүмкіндігі шектеулі балаларға, медициналық көмектің негізгі түрлерімен бірге КТМКК және МӘМС тараптарында тегін көрсетіледі.Бұл жайында baq.kz  ақпарат көзі мәлім етеді. 

Олардың арасында медициналық алғашқы көмек, орта медицина қызметкерлерімен көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек, жалпы тәжірибелі дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар көрсететін білікті көмек, бейінді мамандармен көрсетілетін мамандандырылған көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және әлеуметтік-медициналық көмек. Еліміздегі балалар мүгедектілігі көкейтесті мәселенің бірі болып саналмақ. Балалар мүгедектілігіне әкелетін аурушаңдық құрылымында психикалық күйзелістер жүйке жүйелерінің ауруы, даму ақаулығы, зат алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар, бұлшықет-сүйек жүйесінің ауруы. 

Бүгінгі күні емханамызда мүмкіншілігі шектеулі 140 бала есепте тұр, оның ішінде, қимыл-тірек аппаратының бұзылуымен – 41%, оның арасында арбамен жүретін мүгедектер – 9,9%, есту қабілеті бұзылғандар – 6,5 %, көру қабілеті бұзылған – 3,3%, психикалық бұзылыстармен – 19%, басқа да патологиялар – 20,3%, - дейді дәрігер.  

Олардың барлығы диагностика хаттамасына сәйкес, үнемі тиісті түрде емделіп тексерістен өтіп отырады екен. Дәрігердің қабылдауына ұялы қосымша арқылы жазылып, ал егер шұғыл жағдай болса, онда қабылдау кезінде кезекке тұрмайды, сағаттары мен тіпті минуттары есептелу себепті, жазбасыз және кезексіз қабылданады. Мұндай балаларға педиатр-дәрігерлер, сондай-ақ, учаскелік ұстаным бойынша жалпы тәжірибелі дәрігерлер, бейінді мамандар, көрсеткіш анықталған кезде үйге барып медициналық көмек көрсетеді. 

Дәрігердің айтуынша, емханада заманауи құралдармен жабдықталған ересектерге және балаларға, соның ішінде церебралды сал диагнозымен, қимыл-қозғалысы дамуының бөгелісімен, психикалық дамуының бөгелісі, жарақаттан кейінгі контрактурасы бар балаларға арналған оңалту бөлімшесі қарастырылған.

Өткізілетін медициналық оңалту организмнің бұзылған және (немесе) жойылған функциясын бөлшекпен немесе толыққанды түрде қалпына келтіруге, сақтауға бағытталған кешенді медициналық қызметті көздемек.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру үшін біз өз еркімізбен алты айда 1 рет қалалық балалар оңалту орталығы (3-14 жастан), Балдәурен, Алау (жасына қарай) балалар шипажайы секілді республикалық мекемелерге жібереміз. Баланы жатқызу мәселесі «Жатқызу бюросы» порталы арқылы, сондай-ақ, бала ата-анасының өтініші бойынша және бала Нұр-Сұлтанда емделуі туралы барлық қажетті құжатты ұсыну арқылы жібере аламыз. Жергілікті басқарманың бастамасымен науқасты алып жүретін адамдар үшін билеттің құны плацкартпен жүру құны бойынша жеңілдетіледі, - деді Майя Шегебаева. 

Дәрігер, сондай-ақ, егер баланы жатқызу үшін шұғыл жағдайлар орын алса, жедел қаралып, ауруханаға жатқызылады. Және мұндай жағдайда ата-аналар жедел жәрдем көмегін шақыруы тиіс.

0 пікір
Мұрағат