Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?
Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?
3 жыл бұрын 9310 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамдардың иммунитеті  қан тобына қарай айрықшаланатынын анықтаған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы slovodel.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл орайда ғалымдар 4-ші қан тобындағыларға артықшылық беріп отыр. Дәлірегі, аталған қан тобындағылардың жұқпалы індетке шалдығу қатері төмен болады өзге қан тобындағыларға қарағанда. Ал инфекциялық ауруларға екінші қан тобындағылардың төтеп беру қауқары төмен болады. Бұл тарапта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, екінші қан тобындағылардың 40% жағдайында интерферонның (организмге вирус енгенде вирустың жасушаға енуіне әрі таралуына, яғни, өсіп-өнуіне кедергі келтіру үшін бөлінетін ақуыз – ред) төмендегені байқалған. Ал бірінші қан тобындағылардың организімінде мұндай ақуыздың бөліну деңгейі 80%-ды құраған. Бұл көрсеткіш үшінші қан тобындағыларда 91% болса, төртінші қан тобындағыларда - 92%. Десе де эпидемиолог ғалымдар бұл теорияның растығы ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат