Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды
Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды
3 жыл бұрын 4199 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлі күнге емі жоқ аурудың алғашқы белгісі ретінде адамның ұзақ уақыт бойы кірпік қақпауы аталды. Бұл жайында islam.kz порталы Еуроазиялық Паркинсон ауруы қауымдастығына жөн сілтеген Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың түсіндіруінше, мұндай симптом қимыл-қозғалыс процесін бақылайтын мидағы жүйке жасушаларының зақымдалуынан туындайды. Сонымен қатар, адам жүрген кезде екі қолының бірі денесінің ырғағына бағынбаса, адамның жазуы кішірейсе, адам бүкірейсе, селт етпей тұрып қала беретін болса, кейде даусы жіңішкерсе, т.б. Паркинсон ауруының белгілері болып шығуы мүмкін. Естеріңізде болса, аттай екі апта бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iis-sezu-qabiletin-jogaltu-emi-joq-aurudyn-belgisi-bolyp-shyqty-14696/#gsc.tab=0) материалымызда исі сезу қабілетін жоғалту да аталған дерттің ерте білінетін белгілерінің бірі ретінде аталған болатын. Мұндай симптом Паркинсон ауруы анықталғанша он жыл бұрын білінетін белгісі болып табылады.

0 пікір
Мұрағат