|
Өздігінен тазарып, өздігінен қалпына келетін «тірі мата» пайда болды
|
Қытай ғалымдары саңырауқұлақтан дақ шалса, өздігінен тазарып, зақымдалса, өздігінен қалпына келетін мата мен тоқыма бұйымдарын әзірлеудіңң бірегей тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Science Advances мерзімді басылымына жөн сілтеген South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес матаны басқа микроорганизмдердің көмегімен түсін өзгерту немесе ультракүлгін (УК) сәуледен қорғау үшін қолдан басқаруға болады. Инженерлік әдіспен әзірленген тірі материалдарға (ELM) қатысты ең үлкен қиындық - микроскопиялық тірі жасушаларды тірі және функциялық қабілетін сақтайтын ірі, берік құрылымдарға дейін масштабтау. Шенженнің озық технологиялар институттарының жетекшілігімен зерттеу тобы Cordyceps militaris саңырауқұлағын (дәстүрлі қытай медицинасында кеңінен қолданылатын және жіп тәрізді құрылымдар түзе алатын жыланбауырлы саңырауқұлақ ретінде белгілі) пайдалана отырып, бірегей тоқыма әдісін ойлап тапты. Материалдың төзімділігі тәжірибе жүзінде расталды: мата 41 күнде тозған. Бұл ерекшелігі қайталап киюге жарайтын немесе қайта өңделетін киім-кешек өндірісінде қолдануға мүмкіндік береді. Ғалымдар жыланбауырлы саңырауқұлақ табиғи түрде гифтер деп аталатын микроскопиялық талшықтардың өзара байланысқан желілерін құра алатынын, мұндай қасиет тірі материалдарды өндіруге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Зерттеушілер шағын түйіршіктер жасау үшін саңырауқұлақ өсірді, содан кейін олар икемді қабаттарға тоқтаусыз жиналды, содан кейін оны одан ары икемді ету үшін глицерин қосылады. Дайын материал қоршаған орта жағдайына бейімделіп, өз бетінше қалпына келе алады. Бүлінген жерлерге жаңа саңырауқұлақ түйіршіктерін орналастыру жаңа әрі өздігінен тазаланатын талшықтардың пайда болуына әкелді. «Тірі мата дегенде, кәдімгі пайдалану кезінде көйлек үнемі өсіп отырады дегенді білдірмейді», - деген ғалымдар қоректік заттардың әсері шектеулі келетінін, яғни, құрғақ ауа райында матаның биологиялық белсенділігі тоқтайтынын жеткізді. Өздігінен қалпына келтіруден басқа бұл талшықтардың тағы бір артықшылығы - су өткізбейді, ал мұндай артықшылық өз кезегінде синтетикалық немесе химиялық мсатериалдарға қажеттілікті азайтады. Тоқыма құрылымы, сондай-ақ, қосымша функцияларды орындау үшін инженерлік микробтарды қосуға мүмкіндік беретін «plug-and-play платформасы» қызметін атқарды. Мәселен, зерттеушілер матаның түсін өзгерту үшін саңырауқұлақ жасушаларының қабырғаларын “тіркейтін” инженерлік ашытқыларды пайдаланған. Оның құрамына, сондай-ақ, организмді ультракүлгін сәуледен қорғайтын меланинге бай Aspergillus niger саңырауқұлағынан жасалған гифтерді енгізді. Алайда, технология әлі де зерттелетін прототип сатысында тұр және бұл материалдың мақта немесе полиэстер сияқты күнделікті маталарды тікелей алмастырмайтынын ескертіп отыр. Оны ұзақ уақыт киюге жарайтын киім жасау үшін пайдаланудың орнына, уақытша сәнүлгілерінде, көрме маталарында, арт-инсталляциялар және биологиялық ыдырайтын қаптама сияқты тұрақты, қысқа мерзімді өнімдерді жасау үшін пайдалануға болады. Бірақ, өнімнің коммерциялық тұрғыдан өміршең болуы үшін зерттеушілер өндірістік процесті анағұрлым экономикалық тиімді ету жолын табуы тиіс. Масштабтау үшін арзан қоректік заттардың көздері, ферменттеу мен сүзудің тиімдірек процесі, сондай-ақ, сапа тұрақтылығы қажет.