|
Қырғызстан кремацияға тыйым салды
|
Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров ел аумағында мәйітті өртеуге жол бермейтін заңға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Жерлеу және жерлеу ісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерді Жогорку Кенеш (парламент) 2026 жылдың маусым айының 25-де қабылдады. Жаңа заңда көзделген талаптарға сәйкес заңнамадан бұрын кремациялау мүмкіндігіне жол берген нормалар алынып тасталады. Енді қайтыс болған адамдардың денелерін, сондай-ақ, түсікті немесе өлі туған шараналарды өртеуге тыйым салынады. Заңнан кремациялаумен байланысты барлық ұғымдар алынып тасталды, соның ішінде күл салынған урналар да, колумбари де және аза тұту мекені де қамтылған. Тіпті, артынан іздеушісі жоқ және тану мүмкін емес мәйіттерді жер қойнына тапсыруға рұқсат етіледі. Десе де крематория құрылғы ретінде сақталады. Оны медициналық қызмет нәтижесінде пайда болған биологиялық материалдарды тазалық талаптарын орындау үшін термиялық жолмен жою (яғни, отқа жағу арқылы жою) мақсатында пайдаланады. Осы орайда 2024 жылдың ақпанында елде крематория құрылысына рұқсат ететін заң мақұлданғанын айта кетпекпіз. Дегенмен, биліктің бұл бастамасына жергілікті мұсылман жамағаты исламға қайша деп, тегеурінде наразылық білдірген. Бұдан бөлек, мәйітті өртеуге арналған тиісті инфрақұрылым мен қаржы болмады.