«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды
«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды
3 жыл бұрын 4706 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласыда орын тепкен Scripps Research институтының ғалымдары жердегі өмірдің пайда болуына қатысты теорияны растайтын жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Angewandte Chemie мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың гипотезасы бойынша жер бетінде бәлкім өмір басталмай тұрып пайда болған, диамидофосфат (DAP) деп аталатын қарапайым қосынды ДНҚ-ның құрылымдық блоктарын алғашқы ДНҚ жібімен химиялық тұрғыдан байланыстыруы мүмкін. Diamidophosphate (DAP) — суда қантты фосфорлау үшін алғаш рет пайдаланылған ион. Диамидофосфат натрия диамидофосфаты немесе фосфородиамидті қышқылы секілді тұзды түзуі мүмкін. Фосфородиамидті қышқыл тригидрат түрінде кристалдануы ықтимал. Ғалымдар жер бетіндегі барлық тіршіліктің бастауы болған жасуша мембранасының алғашқы пептиді, липиді және нуклеотидтің пайда болуы барысындағы алғашқы реагент (химиялық термин, химиялық реакцияға қатысатын бастапқы зат деген мағына береді – ред.) болуы ықтимал екенін алға тартып отыр. Scripps Research зерттеу институтының 2017 жылдың қараша айының 16-і күнгі баспасөз релизінде DAP «Жердегі өмірдің шығу тегінде маңызды рөл атқаруы мүмкін қосынды» ретінде сипатталған. Сол кездегі және осы жолғы ашылған жаңалықтың ұқсас тұсы: ДНҚ пен РНҚ химиялық реакция өнімі ретінде бірге пайда болу ықтималдылығын жоққа шығармайды. Сондай-ақ, бұл өздігінен істеп шығара алатын молеула – жердегі алғашқы өмір формасы – ДНҚ мен РНҚ қосындысы екенін көрсетіп береді.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат