|
Жапон архитекторлары күннен тегін энергия алатын шыны ғимарат салып шықты
|
Жапонияның инженер-архитекторлары шыны блоктар мен шыны кірпіштерден көп қабатты үйдерді тұрғызып шықты. Бұл ғимарат Жапонияның Хиросима қаласында салынды деп хабарлайды, ProfiDom.com.ua порталы.
Шыны кірпіштерден соғылған ғимараттардың артықшылығы - адамдарды сырттағы шу мен күннің артық энергиясынан қорғауда эффективті рөл атқарады.
Екіншіден, бұл шыны кірпіштер күн энергиясымен ғимараттарды тегін энергия көздерімен және жарықтандырумен қамтамасыз ететін болса, түнгі уақыттарда әртүрлі сарқырамалар мен фонтандардың, жауып тұрған жаңбырдың бейнесін көрсетіп, қаланы табиғаттың сұлу көркіне айналдырады.
Шыны ғимаратқа 50х235х50 мм өлшемдегі 6000 шыны блоктары жұмсалған. Барлығының күн энергиясын қабылдау эффективтілігі жоғары. Шынының құрамы бор силикатынан тұрады. Ғимараттың терезелері 8,6х8,6 м өлшемді, 75 нержавикалы стержендермен ұстатылған. Шыны блоктарының бәрі металл каркастарға монтаждалған.
Жапония архитекторлары Хиросимада қала салудың жаңа заманауи даму тенденцияларын қалыптастырамыз деп жоспарлап отыр.
Міне, Жапонияның қайда қарап кетіп бара жатқанын қараңыз!
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады