Иммундық жүйенің қысқа жадысы ұзақ ғұмыр сүруге мүмкіндік береді
Иммундық жүйенің қысқа жадысы ұзақ ғұмыр сүруге мүмкіндік береді
3 жыл бұрын 2749 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы Галилей тау сілемдерінің жоғары бөлігінде тіршілік ететін меңді егеуқұйрықтардың неге ұзақ өмір сүретініне әрі қатерлі ісікке төзімді болып келетініне қатысты өз пайымдауын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мұның себебін білу үшін антидене істеп шығаруға, патогенді тануға қатысатын түрлі типтегі иммундық жүйенің санын, әр алуандылығын және «қылығы мен тәртібін», сондай-ақ, олардың өмірлік қызметін басқаратын гендердің белсенділігін қадағалап, зерделеген екен. Осыдан кейін осынау нәтижені жастары бірдей адам мен тышқан иммунитетінің жұмысымен салыстырып көрді. Ғалымдар бұл бағытта меңді егеуқұйрық организімінде «ересек» Т-жасушасы мен белгілі патогенге антидене істеп шығаратын әрі ұзақ мерзімді иммунитетті қолдайтын В-жасушасының өте аз екенін анықтады. Меңді егеуқұйрықтағы бұл ерекшелік ұзақ мерзімді иммунитетке ие әрі Т-жасушасы мен В-жасушасын жасы ұлғайған сайын жоғалта түсетін өзге сүтқоректілерге тән болмай шыққан. Ғалымдардың топшылауынша, меңді егеуқұйрықтың бұл ерекшелігі оны көп мөлшердегі иммундық жасушалардың қалыптасуынан қорғайды, дәлірегі, иммундық жасуша көбейген сайын иесіне шабады, яғни, организмнің өзіне зиян келтіріп, созылмалы қабыну тудырады.

Ұқсас материалдар:

«Иммунитеттің өз иесіне шабуының бір сыры...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/immunitettin-oz-iesine-shabuynyn-bir-syry-14616/#gsc.tab=0);

«Иммунитет арқылы зиянды жасушалармен күресудің тәсілі табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/immunitet-arqyly-ziyandy-jasushalarmen-kuresudin-tasili-tabyldy-13862/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

«Инфекциямен күресте иммундық жүйеден бұрын жүйке жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/infektsiyamen-kureste-immundyq-juieden-buryn-juike-juiesinin-manyzdy-rol-oinaityny-belgili-boldy-14433/#gsc.tab=0);

«Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат