Инфекциямен күресте иммундық жүйеден бұрын жүйке жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды
Инфекциямен күресте иммундық жүйеден бұрын жүйке жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды
4 жыл бұрын 4272 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Йел университетінің ғалымдары ішекті қауіпті инфекциядан ішек қабырғасындағы иммундық жасушалар емес, жүйке жүйесінің жасушалары қорғайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz аұпарат көзі аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жүйке жүйесінің жасушалары ішектегі иммундық жасушалар бірігіп, бактерияға қарсы затты – интерлейкинді істеп шығарады. Ғалымдар бұған қалай көз жеткізді? Бұл бағытта жүргізілген тәжірибе жасалған тышқан организімінен интерлейкин-18-ді істеп шығаратын иммундық жасушаларды алып тастағанда да кеміргіштер инфекциямен күресті жалғастырған. Керісінше олардан интерлейкин-18-ді істеп шығару қабілетін жүйке жасушаларынан айырғанда кеміргіштің аурумен күресуге дәрмені қалмаған еді. Ғалымдар осы тәжірибе нәтижесін негізге ала отырып, инфекциямен күресте тиімділігі жоғары дәрі жасауды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат