Иммундық миелоидтік жасуша жас ұлғайған сайын организмге тек зиянын тигізетін болып шықты
Иммундық миелоидтік жасуша жас ұлғайған сайын организмге тек зиянын тигізетін болып шықты
3 жыл бұрын 2931 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иммундық жүйеде бір жасуша бар – жас ұлғайған сайын қабынумен күреспей, керісінше  қабынудың таралуына белсене атсалысатын. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтер бұрын мынадай теорияны алға шығарған еді: қабыну неғұрлым аз болса, бұл өз кезегінде қартаю процесін тежеп, Альцгеймер, қатерлі ісік, жүрек аурулары, т.б. секілді адамның жасы ұлғайған сайын пайда болатын аурулардың пайда болу ықтималдылығын кемітеді. Таяуда әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің ғалымдары тышқанға тәжірибе жүргізіп көрген екен: олардың миелоид деп аталатын иммундық жасушалардың жиынтығын зерделеді. Мида, қан айдайтын жүйеде, организмнің перифериялық тінінде болатын миелоидты жасуша иммундық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Олар инфекциямен күрестен тыс уақытында организмді өлі жасушалардан тазарту арқылы сау жасушалардың көбеюіне жағдай жасайды, бұдан бөлек, патогендердің организмге ену белгілерін қадағалайтын «қарауыл» қызметін атқарады. Адам қартайған сайын миелоидты жасушалар организмді қорғау функциясына салғырт қарап, жоқ жаумен алысамын деп организмге зиян келтіреді, дәлірегі, сау тіндерге зақым келтіреді. Ғалымдар аталмыш зерттеу барысында миелоидты жасуша көптеп кездесетін гормондар мен рецепторларды бұғаттап көрді. Осының өзі метаболизмді (зат алмасу процесін) қалпына келтіруге жеткілікті шара болды. Сондай-ақ, тәжірибе жүргізілген кәрі тышқанның ақыл-есі мен жадысы, навигациялық машығы біртіндеп қалыпқа келе бастады. Бұл арада простагландин Е2 рецепторінің бір түрі турасында сөз болып отыр. Аталмыш рецептор иммундыұ жүйелерде кездеседі әрі миелоидты жасушаларда кеңінен тараған. Ол PGE2-мен байланысқаннан кейін жасуша ішінде қабынуды қоздыратын болып шықты.

Ұқсас материалдар:

"Иммундық жүйенің қысқа жадысы ұзақ ғұмыр сүруге мүмкіндік береді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/immundyq-juienin-qysqa-jadysy-uzaq-gumyr-suruge-mumkindik-beredi-14815/#gsc.tab=0);

«Иммунитеттің өз иесіне шабуының бір сыры...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/immunitettin-oz-iesine-shabuynyn-bir-syry-14616/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0); 

«Инфекциямен күресте иммундық жүйеден бұрын жүйке жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/infektsiyamen-kureste-immundyq-juieden-buryn-juike-juiesinin-manyzdy-rol-oinaityny-belgili-boldy-14433/#gsc.tab=0);

«Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат