Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі
Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі
4 жыл бұрын 3950 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

La Jolla иммунология институтының ғалымдары ашқан жаңа иммундық жасуша әлі күнге құпиясы толық ашылмаған, сол себепті, емдік шаралары тиімсіздік танытып жататын аллергиялық реакция мен ем-домы қиын демікпе дертімен күресуге көмектеседі. Әрбір адамның организімінде аллергия шақыратын барлық нәрсеге, соның ішінде шаң-тозаңға қарсы төтеп беруге көмектесетін жасуша кездеседі. Әдетте алларгиясы бар адамдарға дәрі-дәрмек көмектесе бермейді. Тек жеңілдеткені болмаса. Мұндай жағдайда тек өздерінің иммунитетіне ғана арқа сүйей алады. Әдетте үсті-үстіне тоқтамай түшкіру, көзден жас ағу, кеңсіріктің жыбырлауы, т.б. аллергиялық белгілерге атқызады. Ал кей адамдар дем жетпей жатады. Ең қауіптісі – осы. Әсіресе, шаң-тозаңнан болатын аллергиядан зардап шегетіндер қарасы артып келеді. Осының алдын алу үшін аталмыш институт ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен: үйдегі шаң-тозаң мен өзге де аллергиялық реакция тудыратын нәрселерге жауап ретінде аллергиялық иммундық реакция мен демікпенің дамуын реттейтін Т-жасуша түріндегі жасушаны анықтады. Осы саладаға зерттеуге қатысқан Грегори Семуа есімді ғалымның айтуынша, көптеген иммундық жасушалар мен тың терапевтік мүмкіндік пайда болған. Жаңа иммундық жасушы түрі сау адам организімінің аллергиялық реакция тудыратын нәрселерге қалай төтеп беретінін түсіндіріп беруі мүмкін тетіктердің бірі болуы да ғажап емес. Осы орайда ғалымдар жаңа биологияны ашу үшін бір жасушалы генді пайдаланудың мүмкіндіктері мол екенін алға тартып отыр. Аурудың дамуы мен ген экспрессиясының арасында қандай байланыс бары зерделенген тәжірибе жүргізілді. Ғалымдар үй шаң-тозаңынан қозатын аллергендер мен иммундық жүйенің өзара байланысын зерделеу үшін иммундық эпитоптың мәліметтер базасын пайдаланды. Бұл мақсатта гендік революцияның құралы – бір жасушалы RNA-seq пайдаланылды. Ол HDM аллергеніне жауап қататын Т -жасушасының гені мен молекулаларын барынша дәл анықтауға мүмкіндік берді. Аталмыш тәжірибе барысында төрт топтағы адамдар тест жүргізілді: HDM аллергиясы бар әрі демікпесі ұстайтындарға, HDM-нен демікпесі ұстайтын, бірақ, аллергиясы жоқтарға, тек HDM-ге аллергиясы барларға, сондай-ақ, ешқандай аллергиясы жоқтарға. Анализ нәтижесі көрсеткендей, демікпесі бар адамдардың қан құрамында Т-жасушасы көп кездескен. Олар аталмыш жасушаның иммундық әлеуетін арттыратын молекулалар тобын байытып отырады.

0 пікір
Мұрағат