Ғалымдар иммундық жүйені қатерлі ісіктің бетін қайтаруға мәжбүрлей алды
Ғалымдар иммундық жүйені қатерлі ісіктің бетін қайтаруға мәжбүрлей алды
3 жыл бұрын 1237 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар зақымдалған тін маңындағы ісікке қарсы иммундық жасушаларды басып тастайтын қатерлі ісікті жеңудің тың тәсілін тапты. Белгілі болғандай, аса ірі секреторлық жасушалар (Клара жасушалары - бағаналы жасушалар (діңгекті жасушалармен шатастырмау керек) - өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар. Бағаналы жасушалар кез-келген жасуша ортасына тез бейімделе алады. Олар ассиметриялы түрде бөлініп көбейеді. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал бағаналы жасушалар өздерінің бағаналық қасиеттерін сақтап қалады. Өкпедегі бағаналы жасуша «клара жасушасы» деп аталады. Клара жасушасы бронхиолдардың қабырғасындағы кірпікшелі эпителий тінінде  кездесетін секрепторлы жасуша. Өкпедегі бұл жасушаның «Клара жасушасы»  аталуына себеп – осы жасушаны ашқан анатом-ғалымның есімі Макс Клара 1937 жылы Германияның Лейпциг университетінде адам ағзасындағы тіндерді (ұлпаларды) зерттеу кезінде бұрын белгісіз болып келген, бронхиолдарда болатын жаңа жасушаны ашты) қатерлі ісік жайлаған жасушаларды басып тастайтын иммуносупрессивтіге қарсы факторларды бөлетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ғылыми зерттеу жарияланған Nature Cancer мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта өкпенің тыныс алу жолдарындағы Клара жасушаларымен секреттелуі мүмкін иммуносупрессивтіге қарсы факторлар жиынтығын анықтады. Аталмыш факторлар ісікке қарсы иммундық жауаптан қатерлі ісіктің қашуына көмектесетін, мелиодты супрессорлы жасуша (MDSC) деп аталатын аса күшті иммуносупрессивті жасушаларды тежейді. MDSC-тің тежелуі өз кезегінде қатерлі ісік жайлаған жердегі Т-жасушалардың (ісікке қарсы әсері жоғары) көбеюіне ықпал еткен әрі PD1 иммуноглобулиннің көмегімен иммундық терапияның тиімділігін айтарлықтай арттырған. Өкпенің қатерлі ісігінің ең кеңінен таралған түріне жататын өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігінің үлгісін қолдана отырып, ғалымдар алдымен бұл әсердің радиацияның орташа мөлшерінде шыңына жететінін анықтады, ал тірі қалған тышқандар саны төрт есеге дейін, яғни, 40 пайызға дейін өсті. Радиация аса ірі секреторлық жасушаларды иммуносупрессивтіге қарсы факторларды істеп шығаруға мәжбүрлейді. Ғалымдар радиацияны осындай сегіз фактордан тұратын «коктейлмен» (түрлі араласқан факторлармен) алмастыруға және иммуносупрессивті әсерге қол жеткізуге болатынын анықтады.Қазіргі уақытта ғалымдар MDSC-ті тежеуде қандай молекулалардың маңызды рөл ойнайтынын анықтауға әрі емдеу тиімділігін арттыруға күш салып жатыр.

Ұқсас материалдар:

«Қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-damuyna-yqpal-etetin-tetik-tabyldy-15438/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-shapshan-osuinin-qupiyasy-ashyldy-14737/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік метастазын тоқтататын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-metastazyn-toqtatatyn-tasil-tabyldy-13085/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар озық технологияның көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жойды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-ozyq-tehnologiyanyn-komegimen-qaterli-isik-jasushalaryn-joidy-14446/#gsc.tab=0);

«Сүт безі қатерлі ісігі енді тарих еншісінде қалатын болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sut-bezi-qaterli-isigi-endi-tarih-enshisinde-qalatyn-boldy-15522/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qaterli-isik-pandemiyasy-kele-jatyr-13137/#gsc.tab=0);

«Қатерлі көз ісігінің пайда болу тетігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-koz-isiginin-paida-bolu-tetigi-anyqtaldy-15752/#gsc.tab=0);

«Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/stress-gormony-qaterli-isik-jasushasyn-oyatady-14488/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустар аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-tudyruga-qabiletti-virustar-ataldy-14961/#gsc.tab=0);

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік жасушасының ең осал тұсы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-jasushasynyn-en-osal-tusy-tabyldy-14756/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат