Ерлерге қарағанда әйелдердің ұзақ жасауының сыры белгілі болды
Ерлерге қарағанда әйелдердің ұзақ жасауының сыры белгілі болды
5 жыл бұрын 6775 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте әйелдердің ерлерге қарағанда ұзақ ғұмыр сүруінің сыры ақ жаулықтылардың бөріктілерге қарағанда өмір сүру салтының ерекшелігінде немесе ұрпақ тәрбиелеу, т.б. факторларға байланысты болмай шықты. Немесе керісінше, ерлердің әйелдерге қарағанда аз ғұмыр сүруінің сыры тәуекелге, яғни, қатерге бейім тұратындығында я болмаса ерлерге тән ауыр жұмыстарға, т.б. факторларға байланысты емес. Генетиктердің мұндай тұжырымы Aging Cell мерзімді басылымында жарияланған мақалада айтылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығы – 71. Африканың кедей елдерінен Еуропадағы дамыған мемлекеттерге дейінгі әлемнің барлық еліндегі ортақ көрсеткіш осындай. Сонымен бірге, кәрі құрлықтағы дәулеті шалқыған елдерде де, Африканың жарлы елдерінде де әйелдер ерлерге қарағанда ұзағырақ ғұмыр сүреді. «Адамдардың көбісі бұл айырмашылықты эволюциядан көреді. Соның ішінде, ғұмыр ұзақтығы әйелдерге өз ұрпағын тәрбиелеуге мүмкіндік береді, деп ойлайды»,- деді Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінің ғалымы Дена Дубал. Ғалымдар «жыныстар арасындағы бұл айырмашылықтың» себебін тек әлеуметтік факторлардан ғана емес, сонымен қатар, генетикалық ерекшеліктен де көріп отыр. Ғалымдардың айтуынша, ерлер мен әйелдер ағзасының жұмыс істеудегі айырмашылықтар олардың жыныстық хромосомамен байланысты. Мәселен, ерлердегі Y-хромосомасында өмірлік маңызы бар гендер жоқ. Оны ұрықтың даму бағдарламасын іске қосу үшін ДНК-нің аса маңызды, бірнеше учаскісін өзге сегменттерге «тасымалдай» отырып, алып тастауға болады. Ал әйелдерде олай емес – әйелдердегі X-хромосомасы ерлерге де, әйелдерге де маңызы зор, бұл гендердің жұмысын бұзу адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, кеміргіштердің еркегі мен ұрғашылары аралас төрт тобын өсірген болатын. Олардың жартысы «дұрыс емес» хромосомалар жиынтығына ие болды – ғалымдар ДНК-сына жетіспейтін Y-хромосомасының фрагментін салып, XX-хромосомалы еркектерін де, XY-жиынтығығы салынған «трансгенді» ұрғашысын да өсірген еді. Ғалымдар оларды үш жыл бойы бақылады. Ғалымдар жануарлардың ғұмыр ұзақтығының көп жағынан олардың жынысына емес, хромосомалар жиынтығына байланысты екеніне көз жеткізді. Тәжірибе көрсеткендей, ХХ-хромосомалы («дұрыс емес») еркектері мен XY-хромосомалы ұрғашылары кәдімгі кеміргіштерге қарағанда ұзақ өмір сүрген.

0 пікір
Мұрағат