|
Мульти АІ дәуірі туып келеді
|
Microsoft жақында «Critic» деп аталатын өзгеше жүйені ұсынды. Аталмыш жүйеде AI агенттері бір-бірінің жұмысын тексереді. Бұл жайында islam.kz порталы mindra.co ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жүйе бірыңғайда моноагенттік қызметін көз алдыңа әкеледі. Мәселен, егер А агенті тергеу есебін жасау кезінде берілген тапсырманы немесе тақырыпты зерттеп, мазмұнын талдаса, Б агенті оның анықтығы мен қалай баяндалғанын тексереді, ал С агенті дереккөздерін тексереді. Адамзат ынтымақтастығындағы сияқты АІ агенттері де үздік нәтижеге қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Бірнеше АІ агенттерін пайдалану бір агентпен салыстырғанда міндеттерді орындау мен өнімділікті арттырады. Жасанды зерде көмегімен есептерді жазу мүмкіндігін бағалайтын Microsoft бенчмаркасында «Critic» көп агенттік жүйесі тұтастай алғанда бір агенті бар жүйеге қарағанда 13,9% жоғары нәтиже көрсетті. Microsoft көп агенттік жүйенің барлық санат бойынша бір агенті бар жүйеден асып түсетінін атап өтті: талдау кеңдігі мен тереңдігі, презентация сапасы, нақты дәлдік және дәйексөз сапасы жағынан да. Салалар бойынша медицина саласы 54,5% -ға, жалпы білім - 30% -ға, ал техникалық білім - 28,7% -ға жақсарған. * Harvard Data Science Review * цифрлы ортаны зерттейтін орталық жариялаған «Агенттік бағытталған кәсіпорын: өнімділіктің 2-10 есе өсуі неге процестерді қайтадан батыл құрылымдауды талап етеді» деп аталатын есептегі мәлімет көрсеткендей, мультиагенттерді пайдалану өз кезегінде аудиторлық есептерді жазу уақытын 22 есеге қысқартады және бір агентпен салыстырғанда өңдеу жылдамдығын 11 есеге арттырады. Компаниялар тиімді жұмыс үшін АІ агенттерін шоғырландыруға көшкен. Amazon Web Services (AWS) өзінің Bedrock корпоративтік платформасына көп агенттік бірлескен жұмыс функцияларын қосты, ал Google Cloud өзінің «Gemini Enterprise» корпоративтік AI өнімінде бірнеше агенттерді тіркеу және қосу мүмкіндігін ұсынады. Ел ішінде SK AX жақында «Xgenetic Wire» - көп агенттік ынтымақтастық бағдарламасын ұсынды. Жасанды зерде Xgenetic Wire-ді пайдалана отырып, сұраныс пен қорларды талдау, өндірістік жоспарларды әзірлеу, проблемалардың түпкі себептерін анықтау және шешімдерді генерациялау үшін нақты уақыттағы деректерді өзара байланыстырады. Десе де АІ агенттерінің мұндай ынтымақтастығы әрдайым жұмыс тиімділігін қаамтамасыз ете бермейтінін де айта кеткен жөн: «Ұйымдық мульти-АІ физикасы: бағдарламалық жасақтамалардың дербес инженериясы кластеріндегі құрылымдық дисфункциялар» атты мақаласында AI агенттерінің ынтымақтастығының ұлғаюы кейде өнімділікті төмендететінін көрсетті. Сол қызметті құру бойынша құны 50 доллар болатын бюджеттік тәжірибе барысында бір агент ең жоғары ұпай (28 балл), иерархиялық жүйе (жасанды зерде, АІ басқарушысы) - 18 ұпай, ал бір мезгілде жұмыс істейтін сегіз агент - небәрі 9 ұпай жинады. Жалпақ тілмен айтқанда, “қойшы көп болса, қой арам өледі” дейтін мақалдың керін келтірген. АІ агенттері де адамдар секілді болымсыз ұсақ-түйек деталдарға шырмалып, шешім қабылдауда өз нұсқаларын тықпалап, талас-тартысқа түседі, кей есептерді ойдан шығара салады. Бұл тығырықтан шығу үшін технологиялық индустрия “жобалаушы менеджерлердің менеджері” рөліне басты назар аударып отыр. Дәлірегі, АІ агенттерінің өз рөлін айқындап беретін функцияны іске қоспақ.