Мұсылман хирург әйелдерге арналған залалсыздандырылған, бір жолғы пайдаланылатын хижаб
Мұсылман хирург әйелдерге арналған залалсыздандырылған, бір жолғы пайдаланылатын хижаб
4 жыл бұрын 2730 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда алғаш рет хирургиялық жолмен емдеу тәжірибесінде арнайы хижаб пайланыла бастады.  Оны бір-ақ рет пайдаланады. Осылайша хирург мұсылман әйелдер бір жағынан шариғат талабына сай кәсіби формасын киіп, екінші жағынан, пациент үшін қауіпсіздіктің ең жоғарғы стандартын сақтап, былайша айтқанда, бір оқпен екі қоянды атып алды. Тегі малайлық, дәрігер ординатор Фарах Руслан Дерби королдік емханасына жұмысқа тұрғаннан кейін бір жолғы залалсыздандырылған хижаб туралы мәселе көтерген болатын. Оның айтуынша, хирург күні бойы бір ғана бас киіммен жүрсе, онда ол автоматты түрде залалсыздандырылмаған болып саналады. Яғни, тазалық талабына қайшы келеді. Ал бір жолғы хижаб ота кезінде залалсыз болмақ. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат