Қытай ғалымдары өсімдік фотосинтезін ауру жануарларға енгізу арқылы емдеді
Қытай ғалымдары өсімдік фотосинтезін ауру жануарларға енгізу арқылы емдеді
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар тәжірибегі жануарлардың күш-қуатын және зақымдалған жасушаларды қалпына келтіру үшін дегенеративті аурулары бар егеуқұйрықтар мен қояндарға фотосинтетикалық нанобөлшектерді трансплантациялап көрді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары таңқаларлық ғылыми жетістікке қол жеткізді: жануарлардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін олардың жасушаларына өсімдіктің жарықпен белсендірілетін нанобөлшектерін енгізудің жолын тапты. Дәлірегі, фотосинтетикалық нанобөлшектерді дегенеративті аурулары бар егеуқұйрықтар мен қояндардың организіміне енгізгенде жасушалардың өзара әрекетін қалпына келтіруге көмектесті. Бұл тарапта ғалымдар өсімдік жүйесін имплантацияланатын сымсыз лампалармен біріктіре отырып, кәрілікпен және аурулармен байланысты жасушалық дисфункцияны терең талшықпен емдеуді ұсынып отыр. Жасушалардың уақыт өте келе тозуына немесе зақымдануына, я болмаса қандай бір ауруға байланысты олардың ішіндегі титтей ағза ретінде  белгілі бір функцияны атқаратын оранеллалардың өзара әрекетіне нұқсан келуі мүмкін. Шенжиан университетінің медицина мектебінің ғалымдары метаболикалық стресске байланысты мұндай ауытқулар мен ақаулардың көптеген дегенеративті дерттің өршуіне ықпал ететінін атап өтті. Өсімдіктердегі митохондрия - энергияның көп бөлігін өндіретін жасушаның энергетикалық орталығы ретінде қызмет атқарады, сондай-ақ, өсімдікте фотосинтезді жүзеге асыратын, яғни, күн сәулесін энергияға айналдыратын хлоропласттар да бар. Бұл органеллалар өсімдік жасушаларына төтенше температура, құрғақшылық және тұздылық сияқты құбылыстардан туындаған метаболикалық күйзеліске қарсы тұру кезінде бірегей қорғаныс түзу үшін қоршаған ортаға қарай бейімделуге мүмкіндік береді. Десе де өсімдік жасушасымен салыстырғанда жануар жасушалары түрлі стреске төтеп бере алмайды. Жануардың жасушалары метаболикалық стерске ұшырағанда ақуыз бен липидтер синтезінің орталығы ретінде қызмет атқаратын жасушаның аса ірі органелласы - эндоплазматикалық  ретикулум мен митохондрия арасындағы өзара әрекет бұзылады. Уақыт өте келе бұл жасушаның дисфункциясын тудырып, түрлі ауруға жол ашады. Ад өсімдіктекті фотосинтетикалық жүйені жануар жасушасына енгізгенде органеллалар арасындағы тұрақты желі немесе байланыс қалпына келеді. Ғалымдар мұны фотосинтездің жарыққа тәуелді реакциясы үшін орталықтың орталығы ретінде қызмет атқаратын хлоропласт ішіндегі құрылым - тилакоид негізіндегі биоинженерлік нанобөлшектер немесе өсімдіктің нанотилакоидты бірлігінің көмегімен жасады. Бұған дейін команда нанотилакоидты бірліктерді жасушалық мембранамен қапталған нанобөлшектерге инкапсуляциялау әдісін әзірлеген болатын. Бұл диаграмма органеллалардың өзара іс-қимыл желісінің гомеостазын қалпына келтіру үшін жануарлардың дегенерацияланған жасушаларына өсімдік, жарықпен белсендірілетін нанобөлшектерді енгізудің біртіндеп жүзеге асатын процесін көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат