|
АҚШ өлім жазасының ауыр түрлеріне қайтып оралуы мүмкін
|
Ақ үй әкімшілігі федералды деңгейде ауыр қылмыс жасағандарға ату жазасын енгізуді, электрлі үстелде “үйіту”жазасын қолдануды, газбен тұншықтырып өлтіру секілді кезінде концентрациялық азаптау лагерлерінде пайдаланылған жаза түрлерін қайта қалпына келтіруді қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарының билігі мұндай қадамға тек қылмыскерлердің арынын тежеу үшін ғана емес, сонымен қатар, өлім инесі аталып кеткен дәрі егу арқылы өлтіруге қажетті шикізаттың жетіспеушілігінен барып отыр. Осы орайда бүгінгі таңда өлім жазасына кесілген қылмыскерге әдетте осындай жолмен өлім жазасы қолданылатынын айта кетпекпіз. Бұрынғы өлім жазасында қолданылатын процеудаларға қатысты тиісті ұсыныстар мен кеңестер АҚШ әділет министрлігінің есебінде қамтылған.