Индонезия Иранның стратегиясын қайталамайды
Индонезия Иранның стратегиясын қайталамайды
2 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия қаржы министрінің Малакка шығанағынан өтетін кемелерден кедендік алым алу туралы бастамасына орай осы елдің бас дипломаты мәлімдеме жасап, аталмыш шығанақтан өтетін кемелерден ешқандай алым алынбайтынын жеткізді. Осылайша осынау бастамаға наразылық білдірген мүдделі елдердің аптығын басты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post Publishers Ltd. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. “Индонезия сауда елі ретінде кемелердің еркін өтуіне жағдай жасайды және теңіз жолын ашық етеді”, деп мәлімдеді оңтүстік-шығыс Азиядағы елдің сыртқы істер министрі. Игдонезия қаржы министрі мұндай бастаманы жаһандық сауда-саттық жолының маңызды тармағы саналатын Үрміз бұғазынан кемелердің өткені үшін алым алуды заңдастыруға кіріскен Иран әрекетіне қарап көтерген болатын. Индонезия, Малайзия және Сингапур арасындағы Малакка шығанағы әлемдегі кеме қатынасы жанданған су жолдарының бірі, дәлірегі, Азиядағы стратеиялық маңызы зор аймақ. Әлемдік сауда-саттықтың шамамен 40 пайызы жыл сайын осы шығанақтан өтеді. Соның ішінде Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяға энергия шикізатын тасымалдайтын кемелер де бар. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына сәйкес барлық елдің кемесі ені тар су жолдарын тегін пайдалана алатынын айта кетпекпіз. Кеме қатынасы үшін ақы алынбайды. 

0 пікір
Мұрағат