Қара құрдым жанай өткен жұлдыздың парша-паршасын шығарды (фото+видео)
Қара құрдым жанай өткен жұлдыздың парша-паршасын шығарды (фото+видео)
4 жыл бұрын 6194 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бәріңіз білесіздер, ғарыш кеңістігінде қара құрдымның барын. Әлі күнге сыры ашылмаған ғарыш құбылысының гравитациялық аумағының қаншалықты ауқымды екенін, тіпті, елестете алмайсыз. Ол ол ма, жарық жылдамдығымен қозғалатын нысандардың өзі одан зардап шегіп жатады. Аталмыш гравитациялық алаңға тап болған кез келген аспан денесінің парша-паршасы шығады. Ал қара құрдымның электромагниттік толқыны жақын келген аспан денелерін күйдіріп, күлге айналдырып жібереді. Қара құрдымның ішкі кеңістігінде кез келген зат плазма күйіне енеді. Бұл құбылысты бақылау мүмкін емес. Алайда, қара құрдымның қайда екенін тауып алуға болады. Электромагниттік сәулелену, радиация, т.б. белгілеріне қарап танисың. Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған мына сирек көріністі NASA қызметкерлері таспаға тартып алыпты: жақын маңдағы жұлдыз гравитациялық күштің әсерінен бірнеше бөлікке бөлініп, ақыр соңында шеңберге айналады. Қара құрдымның салмағы күннен 6 млн есе жоғары. Воланс жұлдыздар шоғырынан 375 млн жарық жылы қашық жатыр. Мұндай құбылысты 10 мыңнан 100 мың жылдар аралығында бір-ақ рет болады. Транзиттік спутник арқылы таспаға тартылып қалған көрініс бұл. Анимациялық өңдеуден кейін адамның демін ішіне ала отырып тамашалайтын көрініс пайда болған еді. Бұл жайында travelask.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

НАСА показало видео о том, как черная дыра уничтожила подошедшую к ней звезду

НАСА показало видео о том, как черная дыра уничтожила подошедшую к ней звезду

0 пікір
Мұрағат