Таулы аймақта өмір сүретіндер арасында сусамырмен ауыратындар қарасы өте сирек
Таулы аймақта өмір сүретіндер арасында сусамырмен ауыратындар қарасы өте сирек
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар анықтағандай, гипоксия (оттегінің жетіспеуі) эритроциттер глюкоза сорғысы секілді әрекет етеді. Ал бұл жаңңалық өз кезегінде сусамыр дертін емдеу әдісін өзгертуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы BBC Science Focus мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таулы аймақта сусамыр дертінің пайда болу қатері төмен болып шықты. Оттегі аз болған жағдайда эритроциттер қаннан глюкозаны белсендірек ала бастайтынын анықтаған ғалымдар осындай қорытындыға келді. Зерттеушiлердiң бақылауы бойынша теңiз деңгейiнен 1500 метрден жоғары биiктiкте тұратын адамдар жазық жерлердегi тұрғындармен салыстырғанда диабетке шалдығу мүмкiндiгi шамамен 12 пайызға аз. Ұзақ уақыт бойы бұл заңдылықтың себептері түсініксіз болып келді. Cell Metabolism журналында жарияланған зерттеу мақаласында айтылғандай, гипоксия кезінде организм эритроциттердің өндірісін арттырады, ал жасушалар глюкозаны сіңіруді күшейте отырып, өздерін басқаша ұстай бастайды. Бұл гипотезаны тексеру үшін ғалымдар тышқандардың оттегі деңгейі төмендеген жағдайларын моделдеген екен. Мұндай ортада немесе жағдайда эритроциттер глюкозаны қарқынды түрде тартып, оны тіндерге оттегінің берілуін жеңілдететін қосылысқа айналдырады. Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Gladstone Institutes компаниясының Йоланда Марти-Матеос есімді білікті маманы мұндай қан жасушаларында әдеттегі эритроциттермен салыстырғанда глюкоза тасымалдаушылар көп болатынын атап өтті. Анықталған тетікке сүйене отырып, сарапшылар нақты гипоксиясыз оттегі тапшылығының әсерін қалпына келтіруге арналған тәжірибе жүзіндегі HypoxyStat дәрісін жасады. Жануарларға жасалған сынақтарда аталмыш құрал қандағы қант деңгейін толық қалыпқа келтіріп, қолданыстағы диабетке қарсы дәрілерге қарағанда анағұрлым айқын әсер еткен немесе тиімділігін танытқан.

0 пікір
Мұрағат