|
Саудия қажылық ережесін қатаңдатты
|
Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі қажылыққа рұқсат алу ережесінде қарасырылған талаптарды бұзған тұлғаларға қатаң жаза түрлерін енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігі мұндай қадамға қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барып отыр. Сонымен, қажылық ережесін елемегендерге қандай жаза қолданылады? Рұқсат алмай қажылыққа келгендерге 20 000 риал (саудиялықтардың төл ақшасы) мөлшерінде, яғни, шамамен 5300 доллар айыппұл салынады. Ал ел аумағында заңсыз жүргендер мен виза мерзімі өтіп кеткендерді 10 жылға дейін Саудия аумағына кіру құқығынан айырып, елден қуады. Ережеде көзделген талаптардың бұзылуына қатысы бар тұлғаларға 100 000 риал (206 мың доллар шамасында) айыппұл салынады. Яғни, жалған виза ашып бергендерге, жасырғандарға, рұқсаты жоқ шетелдіктерге баспанасын жалға бергендерге осындай жаза қолданылады. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру жазасы және аты-жөнін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жазасы да қарастырылған. Бұған қоса, заңсыз келген қажыларды тасымалдағандардың көлігі тәркіленеді. Сот шешімімен.