|
Халал опа-далап: шариғат талаптарына сай сән индустриясы қалыптасып келеді
|
Әлемнің әсемдік индустриясы Halal beauty бағытына ойысып барады. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дінде қолдануға немесе тұтынуға тыйым салынған компоненттер кездеспейтін халал брендтерді сатып алушылардың 40%-ы мұсылман еместер. Осылайша шариғи стандарт аллергиясы барлар мен экология жанашыларларының, белсенділерінің кепілдігіне айналған. Бірер жылда халал сән индустриясының айналымы 115 млрд долларға дейін жетеді. 2032 жылға таман 11,67% деңгейіндегі жылдық орташа өсу қарқынын жоғалтпаса, 115 млрд долларға дейін жететін бұл нарықта бүгінде оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен екі ірі мұсылман елінің (Малайзия мен Индонезия) айы оңынан туып тұр – жаһандық нарықтың 60%-на ие. Бүгінгі айналымы 53 млрд долларды құрайтын нарықтан батыс елдері мен Сауд Арабиясы да өз үлесін алғысы келеді. JAKIM (Малайзия) немесе IFANCA (АҚШ) сияқты ұйымдар сертификаттау барысында өндіріс гигиенасының аудитін қамтиды, яғни, тазалық талаптарын қатаң қадағалайды, Әдетте мұндай процесс қымбатқа түседі - бір желі үшін 2000 долларға дейін шығындануға тура келеді, есесіне, тұтынушылардың сеніміне ие. Аталмыш нарықта көш бастаған ірі ойыншыларға келсек, индонезиялық Wardah масс-маркеті барлық кезеңдерде сертификатталған арзан және сапалы құралдарды шығарады. Австралияның INIKA Organic бренді халал стандарттарын клиникалық тиімділікпен және табиғи құрамдармен үйлестіреді. Үндістандық Iba Halal Care аюрведикалық дәстүрлер мен исламдық тазалық қағидаттарының бірегей симбиозын ұсынады, ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Amara ұсынған Mersi Cosmetics люкс брендтері - ылғалды климатқа төтеп беретін берік формулалар іспетті.