Биоинженерлер гендік осциллятордың көмегімен тірі жасушалардың тозу процесін баяулатты
Биоинженерлер гендік осциллятордың көмегімен тірі жасушалардың тозу процесін баяулатты
12 ай бұрын 753 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар генетикалық түрлендіру тәсілімен тірі жасушалардың тозуын тоқтатты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сан-Диего Калифорния университетінің биоинженерлері жасушаның қартаюын бақылайтын генетикалық схеманы өзгертті. Олар қартаю процесін бәсеңдету және жасушаның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін теріс кері байланыс циклін жасады. Алдыңғы зерттеулерде ғалымдар жасушалардың әбден тозып жойылғанша молекулалық өзгерістердің каскадын қадағалайтынын байқаған болатын. Сонымен бірге, бір ортадағы генетикалық жағынан бірдей жасушалардың түрлі жолмен қартаятынын анықтады. Жасушалардың жартысына жуығы ДНҚ тұрақтылығының бірте-бірте төмендеуіне байланысты, екінші жартысы митохондриялардың, «жасушалық электр стансаларының» деградациясына байланысты тозатын болып шықты. Тозудың әдеттегі «схемасы» екі процестің бірін іске қосатын қосқыш сияқты жұмыс істейді, деп түсіндіреді ғалымдар. Олар теріс, кері байланыс циклін жасау үшін генетикалық өңдеуді қолданды. Қайта құрастырылған схема сағат механизмі сияқты жұмыс істейді - мерзімді коммутацияны жүзеге асыратын осциллятор (тербелмелі). Ол жасушаның екі зиянды, «ескі» күйдің арасында мезгіл-мезгіл ауысуын қамтамасыз етеді, олардың біреуінде ұзақ уақыт қалуына жол бермейді және осылайша жасушаның дегенерациясын (тозу қарқынын) бәсеңдетеді. Зерттеушілер өз әдісін Saccharomyces cerevisiae ашытқы дақылынан алынған жасушаларда сынап көрген екен. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, «осциллятордың» бақылауындағы генетикалық модификация жасушалардың өмір сүру ұзақтығын 82%-ға ұзартқан. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Нан Хао есімді ғалымның айтуынша, біздің тербелмелі жасушалар бұрын объективті генетикалық скрининг арқылы анықталған ең ұзақ өмір сүретін кез келген штаммдарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижеі анағұрлым күрделі организмдердің өмір сүру ұзақтығын тиімді ұзарту үшін синтетикалық гендік тізбектерді дамытуға негіз қалауы мүмкін, дейді ғалымдар. Олар соңғы жылдары адамның түрлі жасушаларының, соның ішінде діңгекті және жүйке жасушаларының қартаю тетіктерін зерттеумен айналысып жүр.

0 пікір
Мұрағат