Applе ұсынған 7 жаңалық (фото)
Applе ұсынған 7 жаңалық (фото)
7 жыл бұрын 3640 7kun.kz hightech.fm Айза Аблаким

Биыл Apple компаниясы құрастырушыларына арнап Бүкіләлемдік конференция өткізді. Ол жерде жаңа құралдар мен бағдарламалар таныстырылды. Компанияның 2017 жылы тұтынушыларды таң қалдырған 7 жаңалығымен таныс болыңыздар.

HomePod — ақылды колонка

Сарапшылар Тим Куктың компаниясы ақылды үйге арналған шешім табады деп болжаған еді және бұл болжамдары расталды. Презентацияда колонканы екі жақты етіп таныстырды: ол әрі ақылды әрі дыбыс шығару сапасы жоғары. Колонкаға Siri қосылған, басқа тілдерден заматында аудара алады және музыканы таңдай біледі. Қарапайым міндеттерінен басқа колонка сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Мысалы: «Осы өлеңде гитараны кім тартып отыр?» немесе «20 жыл бұрын қандай альбом шыққан?». Әрине, колонка ақылды үйді де басқарады, такси қызметін шақырып, сіздің жұмыстарыңызды еске салып отырады. Мұндай ақылды құралдың бағасы — $349.

Жаңартылған iMac және iMac Pro

Картинки по запросу обновленный Imac

Моноблоктарда жаңа Retina-дисплей, күшейтілген графикалық темір, Intel Kaby Lake процессорлары және USB-C қолдану мүмкіндігі пайда болды. Ең қызықтысы жаңартылған iMac Prо болды. Ол 5K Retina-дисплейі және 8 ядролық (18 ядроға дейінгі апгрейд мүмкін) Xeon процессорімен қамтылды. Pro нұсқасында 4 TB-ға дейінгі SSD және 128 GB-қа дейінгі сақтау көлемі бар ECС-ты орнатуға болады. IMac-тың жай модельдерінің бағасы $1099-дан басталады, ал Pro нұсқаларының құны — $4999. Apple ноутбуктарын да жаңартты, оларға да Kaby Lake процессоры орнатылды.

IOS 11: Жақсартылған Siri, қауіпсіз көлік жүргізу режимі, ақша аударымдары.

Siri ақылдырақ болды. Енді ол бұрынғыдан жақсы сөйлейді және басқа тілдерді аударуға көмек бере алады. Сіздің смс хаттарыңыз енді телефонда орын алып тұрмайды, олар ICloud-та сақталады. Смс хаттар әр түрлі девайстарға синхрон жасайды. Ал IMessage-де ақша аудару мүмкіндігі пайда болды, енді ақшаны тура сол мессенджерде аударуға болады.

Камера жұмысы жақсартылды, енді ол қараңғыда да сапалы суреттер жасайды. LivePhoto режиміндегі параметрлар өзгертуге ілікті, осы режимде жасалған суреттен өзіңізге ұнаған сәтті ғана ала аласыз. Сондықтан бұл режимнің пайдасы арта түсті, себебі өткізіп алған кадрді сақтап қала аласыз. Фото және видео телефоныңызда аз орын алады және бұл медиафайлдардың сапасын нашарлатпайды.

«Көлік жүргізу кезінде мазаламау» режимі пайда болды. Бұл режимде жүйе адамның көлікке отырғанын біледі және экранды толығымен өшіреді. Бұнымен қатар барлық қоңырауларды, хабарламаларды қабылдау өшіріледі. Жүргізуші болса беттеген жеріне еш кедергісіз жетеді.

IPad-қа арналған IOS 11

IPad жүйесі күн сайын үстелдік OS-ға жақындап келе жатыр. 11 нұсқасында мультиміндеттер режимі өзгертілді. Енді экранды әр түрлі қосымшалар арасында бөлуге болады. Файлды бір бағдарламадан екіншіге енгізуге болады — барлығы қолдың қимылымен, басу, тартумен жасалынады. Жазбаларды Apple Pencil-мен жаза аласыз, ал IOS болса сіздің жазуыңызды баспалық форматқа аударып береді. Компания IPad-қа арналған файлдық менеджермен таныстырды. Барлығы стандартты — ыңғайлы жұмыс, тез іздеу қызметі.

Құрастырушыларға арналған ARKit

Компания AR-қосымшаларын құруға арналған құралдар жиынтығымен таныстырды. Әзірше ұпай жинау туралы сөз қозғалған жоқ — бұл PokemonGo форматындағы қосымшалар. Тұтынушылар қолданып жүрген құралдарда AR-дың сапасын арттыруға компания бәс тігіп отыр. Презентацияда IPad-тың үстелді танып, оның үстіне виртуалдық кофесі бар кесені қойғанын көрсетті, содан соң үстелдің үстінде тұрғындары бар үлкен ауыл пайда болғанын да көрсетті. Kit қозғалысты қадағалайды, қашықтықты анықтайды және жарықтандыру деңгейін қадағалап отырады.

Жаңа MacOS High Sierra

Енді ОС жаңартылған Safari браузерімен жұмыс істейтін болады. Бұл браузер видео мен сервистер автоматты түрде қосылатын және тұтынушы туралы ақпарат жинайтын сайттарды блоктап тастайды. Photos қосымшасы жаңа түрде болады: бұл қосымшада суреттерді әзірлеуге арналған құралдар, артқы фонды өзгерту мүмкіндігі бар. Суреттерді фильтрден өткізіп, орындарына қоюдың жаңа критерийлері пайда болады. Шифрлық жүйенің өзгеруі арқасында файлдар мен папкалардың көшірілу жылдамдығы артады. Графикаға келетін болсақ, VR және Metal-дың екінші нұсқасы пайда болады.

WatchOS 4

Ақылды сағатқа арналған Apple-дан жаңа операциялық жүйе. Сан алуан ауқымды ақпаратты көрсете алатын жаңа дисплей шықты. «Ойыншықтар оқиғасы» немесе «Микки Маус» мультфильмдерінің кейіпкерлері бейнеленген жаңа циферблаттар. Спортпен шұғылдануға шақыратын жүйенің жаңаруы. Енді NFC-дің көмегімен ақылды сағатты ақпарат алмасу үшін әр түрлі спорт тренажерларымен синхрондауға болады.

0 пікір
Мұрағат