Алжудың ең алғашқы, анық та қанық белгісі айтылды
Алжудың ең алғашқы, анық та қанық белгісі айтылды
3 жыл бұрын 2824 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оксана Плеханова есімді ресейлік психотерапевт «Бесінші арнаға» берген сұхбатында деменцияға ұшырай бастаған адамның ең алдымен білінетін белгісін атады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маманның түсіндіруінше, адам өткен шақтағы естеліктерін есінде жақса сақтағанымен қазіргісін қазір ұмытып қалатын болады, мәселен, осыдан бірер сағат бұрын не болып, не қойғанын ұмытып қалады. Яғни, қысқа жадысы зардап шегеді. Мимен байланысты аталған дертке шалдыққанның тағы бір белгісі ретінде санасы сайрап тұрғанымен кеңістіктегі бағдарын қаперінен шығарып алады, мәселен, ұстап тұрған бұйымын қайда қойғанын есіне түсіре алмай қиналады. Бұл дерт біртіндеп асқына келе туған-туыстарын танмайтын халге түседі, уақыт пен кеңістікті бағамдаудан қалады. Ал соңғы сатысында ештеңені түсінбейді. Тіпті, өз-өзін ұмытады, не істеп, не қойғанына есеп беруден қалады, таза ессіз адамның әрекеттерін жасайжы, мәселен, психопатологиялық симптомдарын қатты білініп, үйден шығып, қаңғып кетеді, аяқ астынан қандай бір іске белсене кіріседі, соған қарамастан өз-өзін күтуден, дәлірегі, тамақ ішуден де қалады. Ондай науқасқа қарайтын күтуші қажет болады.

Ұқсас материалдар:

«2050 жылға дейін алжудан зардап шегетіндер қарасы 139 млн адамға жетпек» (https://islam.kz/kk/news/alem/2050-jylga-deiin-aljudan-zardap-shegetinder-qarasy-139-mln-adamga-jetpek-15701/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-namaz-ben-meditatsiyanyn-miga-aserin-salystyra-kele-tangajaiyp-tujyrymga-keldi-15610/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

«Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozylmaly-aurudyn-aljuga-uryndyratyny-belgili-boldy-15626/#gsc.tab=0);

«Алжу да жұқпалы дерт болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-da-juqpaly-dert-bolyp-shyqty-13468/#gsc.tab=0);

«Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0);

«Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-paida-bolatyn-emi-joq-aurudyn-belgisi-ataldy-14856/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруынан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynan-qorgaityn-gen-tabyldy-15277/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0)   

0 пікір
Мұрағат