Блогер қонақ үйде жасырын камераны анықтаудың тәсілін айтты
Блогер қонақ үйде жасырын камераны анықтаудың тәсілін айтты
3 жыл бұрын 4791 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Маркус Хатшинс (Marcus Hutchins) есімді блогер қонақ үй нөміріндегі немесе туристерге арналған демалыс апартаменттегі сырт көзден таса бақылау камераларын табудың әдісімен бөлісті. Өзінің TikTok-аккаунтында. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болгердің айтуынша, құпия құрылғыны өрт дабылының датчигінде немесе қоңыраулы сағатта жасыруы мүмкін. Осылай деген ол мейманханалардағы бөлмелерде көзге түспесі үшін тың тыңдаушы немесе бейне бақылаушы камералардың титтей болатынын айта келе ондай құрылғыларды розеткада немесе USB-сымында да орналастыруға болатынын тілге тиек етті. Оны табу үшін қолшамыңызды (фонарды) жақсаңыз болды, камера линзасы көгілдір түс шашыратады. Тағы бір әдісі – жазып алушы құрылғыға трансляциялайтын радио толқын жиілігін табуға арналған арнайы датчикті пайдалану. Я болмаса бөлмедегі жарықты сөндіріп, жылтырыған нәрселерге назар аудару керек.

Видео со скрытых камер в ванных и спальнях отелей выложили в сеть

Эксперт рассказал, как найти в номере отеля скрытые камеры — Nube News

Как быстро найти скрытую камеру в съемной квартире Airbnb

 

0 пікір
Мұрағат