Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста
Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста
4 жыл бұрын 3807 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилия ғалымдары гипертонияның кез келген жаста адамның когнитивтік функциясын төмендететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, аталмыш дерттен аз уақыт зардап шеккен адамның жадысы мен концентрациясы (назар аудару) қызметіне теріс әсер етітіні белгілі болды. Бразилиядағы Минас-Жерайс федералды университетінің ғалымдары табаны күректей 4 жыл бойы 7000 ересек адамның денсаулығын қадағалап, тексеріп отырған екен. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың орташа жасы – 59. Дәлірегі, олардың жадысы мен сөйлеу жылдамдығы және соның ішінде назар аударуы мен назар жығуы секілді функцияларды қамтыған атқарушы функциялары  қадағаланған. Ғалымдардың айтуынша, адам жас кезінен гипертониядан зардап шексе, оның алжу қатері соғұрлым жоғары болмақ. Қан қысымынан болатын когнитивтік функциялар тек қарттар арасында ғана емес, сонымен қатар, жастар арасында бірдей көрініс тапқан. Яғни, сөйлеу жылдамдығы, назар салуы, т.б. секілді когнитивтік функциялар қарт адамның бойында да, жастардың бойында бірдей деңгейде төмендеген. Ал қан қысымынан зардап шегетін науқасты кез келген жаста емдесе, алжу қатерін төмендеткен.

0 пікір
Мұрағат