Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды
Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды
1 жыл бұрын 1640 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Mark Schiefelbein / AP

Қытай ғалымдары анықтағандай, генерализациялық ауру (яғни, жалпыланған ауырсыну) – деменцияның барлық түрінің, соның ішінде Альцгеймердің, сондай-ақ, инсулттің шапшаң дамуымен байланысты болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Regional Anesthesia & Pain Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Генерализдік ауру – созылмалы аурудың кеңінен тараған кіші түрі. Бұл тарапта жүргізілген бірқатар зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ол қатерлі ісіктің пайда болуына, жүрек-қан тамырлары ауруының дамуына ықтимал ықпал ету қатері жоғары. Созылмалы аурудың алжудың ерте білінетін белгісі екенін енді белгілі болып отыр. Шунсин медицина университетінің ғалымдары АҚШ-тағы лонгидюдтік зерттеуіне қатысқан 2464 адамның деректерін сараптамадан өткізген екен. Оларды үш топқа бөлген: генерализдік ауырсынуды сезінгендер, буын ауруы жанына батқандар және ауруды сезінбегендер. Сонымен қатар, денсаулыққа әсерін тигізетін өзге де факторлар, атап айтқанда, қан қысымы, сусамырдың болуы, өмір сүру салты, табысы және білімі ескеріліп, зерделенген. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандардың интеллектуалдық қабілетінің төмендеп, деменцияның, сондай-ақ, инсулттің алғашқы белгісі қадағаланған: 188 адамға деменция диагнозы қойылған (оның 128-дегі деменция белгісі Альцгеймермен байланысты болып шықты), 50-і генерализдік ауруды сезінген, инсулт белгісі анықталған 139 адамның 31 инсулт алған. Ғалымдардың бағалауынша, орташа есеппен алғанда генерализдік ауруға шалдыққандардың алжу қатері 43 пайызға, Альцгеймерге ұрыну қаупі 43 пайызға, ал инсулт алу қатері 54 пайызға артады.

Ұқсас материал: 

"Созылмалы ауру химиялық деңгейде науқастың көңіл күйіне әсер етe алады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozylmaly-auru-himiyalyq-dengeide-nauqastyn-konil-kuiine-aser-ete-alady-15571/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат