Деменция
Деменция
4 жыл бұрын 5207 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы неврологияда жасы ұлғайған адамның есінің кіресілі-шығасылы болуы қалыпты жағдай саналады. Адамның ұлғайған жасына, қарттыққа жатқыза салады. Десе де адамзат қартаюға бет алған бүгінгі таңда алжу (деменция) әлемдік деңгейде дабыл қағарлық мәселеге айналып шыға келді. Дамыған елдердің барлығында дерлік қарттар қарасы жылдан жылға тұрақты түрде артып келеді. Соған байланысты аталмыш дерттен зардап шегетіндер саны да өскен. Алжу сырқатына шалдыққандар қарасы дамыған елдердің барлығында жасы 65-тен асқандар арасында 10 пайыздан асып кеткен. Яғни, әлемдегі жасы 65-тен асқан әрбір оныншы қарт аталмыш дерттен зардап шегеді. Мәселен, бұл бағытта азаматтарының денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына зор жауапкершілікпен қарайтын Оңтүстік кореяда алжыған адамдар қарасы 2024 жылы 1 млн-ға жетпек. National Institute of Dementia жасаған есебі мен келтірген дерегіне қарағанда, 2039 жылы аталған ел аумағындағы бұл дерттен зардап шегетіндер қарасы 2 млн, ал 2050 жылы 3 млн адамға жетпек. Отүстік кореяда жыл сайын алжу ауруымен күресуге бөлінетін қаржы, яғни, жұмсалатын шығын 20,74 млн вонға (18400 долларға) жеткен. Оңтүстік кореяда жасы 65-тен асқан қарт адамдарды емдеуге кететін шығын 2,3 трлн вонға, яғни, 2,03 млрд долларға жеткен.

2015 жылы еліміздегі алжыған қаттар саны он пайыздан асқан. Осыдан бір ғасыр бұрын елімізде мұндай ауруға ұшырағандар қарасы тіпті сирек болатын. Себебі, еліміздегі азаматтырдың өмір сүру ұзақтығы 40-50 жастан аспаған еді. Яғни, қарттық кезеңге жетпей суішікілігі таусылатын. Сол себепті, бұл дертті тек қарттарға тән деп айтуға болады. Десе де соңғы уақытта бұл ауру да жасарып келеді. Алпысқа жетпей алжығандар қарасы артып келеді. Бұған ақпараттық заман кінәлі болуы мүмкін. Негізгі айтарымызға көшсек, елімізде алжыған адамдар саны туралы нақты мәлімет жоқтың қасы. Өйткені, бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізілмеген. Қарапайым адамдарды былай қойғанда дәрігерлердің арасында да алжуды қарт адамға тән қалыпты жағдай санайтындар көп. Бүгінде аталмыш дерттен зардап шегетіндерді елімізде невропатологияда да, психиатрда да есепке тұрмаған. Әдетте дәрігерлердің жалпылама қорытындысында "энцефалопатия" деген диагноз қойылады: мидың қабынбаған ауруы. Осыған байланысты алжыған адамға ем тағайындалмай келеді. Алжудың алғашқы белгісі – ұмытшақтық. Адам осыдан ширек ғасыр бұрынғы оқиғаны есінде сақтауы мүмкін, алайда, бес минут бұрын не болғанын есіне түсіре алмауы ықтимал. Яғни, оперативті жадысы зардап шегеді. Осыдан бірер сәт бұрын не істеп, не қойғанын ұмытады. Бұдан бөлек, аталмыш дертке шалдыққан адам шікәмшіл келеді, назар аударуға тұрмайтын болмашы нәрсе үшін тез өкпелейді, жиі құлазиды, сондай-ақ, ұйқы режимі бұзылады. Көбіне, таңды көзбен атырады. Бұл аурудың этиологиясы толық зерттеліп, зерделенбеген соң оған қандай ем қолдану керектігі де белгісіз. Сақтанып, алдын алу да мүмкін емес. Өйткені, аталған ауру қай уақытта басталатынын ешкім болжап біле алмайды. Мамандардың өзі де. Десе де мамандар аурудың көңілін жиі көтеріп, таза ауада серуендеуге, жануарлар етін аз тұтынып, есесіне, теңіз өнімдері мен көкөністі жиі қолдануға кеңес береді. Адам ұзақ өмір сүріп қоймауы керек, ұзақ ғұмырын сапал етіп өткізуіне баса мән беріліп жүр кейінгі кезде. Әртүрлі әлеуметтік шараларға атсалысып, қоғамдық істерге қолұшын созып, т.б.

1 пікір
Мұрағат