Ыстық пен судан қорғайтын киім жасалды (фото+видео)
Ыстық пен судан қорғайтын киім жасалды (фото+видео)
4 жыл бұрын 3236 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мейлінше салқындататын киім тек қапырық кезінде денеден бөлінетін терді сыртқа шығарып, қолайсыздықтан құтқарады. Қытайдың Дунхуа университетінің ғалымдары ешқандай энергия көзін пайдаланбай-ақ денені аптап ыстықта мейлінше салқындататын әрі терден құрғататын синтетикалық мата ойлап тапты. Бұл матаның бар сыры химиялық құрамында жатыр. Химиялық құрамы өзгеше синтетикалық киім организмнің табиғи функциясын бұғаттап тастамайды, керісінше – артық ылғал мен терден құтқарады. Аталмыш технология негізінде талай мәрте тексеріліп, сенімділігіне көз жеткізілген мықты полиуретан жатыр. Оған гидрофобты сапасы жоғары фторирленген полиуретан қабаты үстемеленген. Ал үшінші қабатыбор нитридінен дайындалған – жылу өткізу деңгейі жоғары. Барлық материал нанометрлік диаметрдегі талшыққа біріктіріліп, ірі ұяшықтары бар мата тоқылады. Бор нитриді жылуды тиімді өткізіп, адам денесіне қарағанда матаның беткі жағы бір градусқа қызады. Бұл жылу ауаны жылытып, дененің беткі жағынан сыртқа қарай тұрақты ауа ағынын қалыптастырады. Сыртқа шығарылған барлық сұйықтықты фторирленген полиуретан сыртқа тебеді, нәтижесінде сұйықтық матадан сырғып түсіп қалады да мата құрғақ күйінде қалады.

Охлаждающая ткань

0 пікір
Мұрағат