Стреске ұшырадыңыз ба, оны «жеп» үйреніңіз
Стреске ұшырадыңыз ба, оны «жеп» үйреніңіз
4 жыл бұрын 5974 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Стресті «жеу», мамандардың айтуынша, табиғи нәрсе, алайда, оны адамдардың көбі біле бермейді, яғни, стрестен арылудың оңай жолынан көбісі хабарсыз. Ирина Бережная есімді ресейлік дәрігер (медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог) Sputnik радиосына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады. Мұндағы жаңсақтық ішіп-жейтін азығыңның мөлшерін білмеуде жатыр. Сабаңа түсу үшін міндетті түрде тұтас тортты немесе 4-5 балмұздақты жеу шарт емес. Шоколадтың бір түйірі де жеткілікті. Маманның айтуынша, жегенде өзіңіз ләззат алатын азықты таңдауыңыз керек. Ең бастысы – шектеп жеп үйрену керек. Қарын тойдыру үшін емес, тек ләззат алу үшін жеңіз. Ләззат – стресті еңсерудің бірден-бір жолы. Міндетті түрде азықтан ләззат алуді ғана білдірмейді. Көңіліңіз қалаған, қол жеткізе алатын нәрседен ләззат алып үйрену керек. Осы орайда мынадай қызықты дерек келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: әдетте тоқ адам тамақты тек ләззат алу үшін жейді, алайда, бұл ойы орындала бермейді, өйткені, аш адамға қарағанда, тоқ адамның азықтан ләззат алуы неғайбыл. Ғалымдардың айтуынша, тоқ адам дәм сезу қабілетінің 25 пайызынан айырылып қалады. Осы себепті, тойып тамақтануға болмайды.

0 пікір
Мұрағат