Рюкзакқа сыйып кететін үрленбелі мотоцикл (фото+видео)
Рюкзакқа сыйып кететін үрленбелі мотоцикл (фото+видео)
4 жыл бұрын 1604 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамзат портативті электробактың талайын көріп тастады, алайда, мына шағын скутер осы саладағы жаңа белестің бағындырылғанын көрсетеді. Poimo (POrtable and Inflatable MObility) – Токио университеті ғалымдары ойлап тапқан, дорбаға оңай сыйып кететін, үрленбелі мотоциклі. Қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатқан прототип төмендегі видеодан көретініңіздей, құрастырылуы мен пайдаланылуы соншалықты оңай болмасы анық. Сымсыз контроллердің доңғалағы мен рулі бөлек ажыратылып, бөлек алынып-салынады. Оның үстіне, сынақтағы нұсқасы қозғалыс кезінде сырттан үрмелі компрессорды қажет етеді, өйткені, жүргізушінің салмағын көтере алатындай қысымды ұстап тұру үшін. Ал басқарылуы мен қозғалысы сәл алға ұмсынып, аяқпен арнайы тірегішке басу арқылы жүзеге асырылады.

Надувной байк Poimo

0 пікір
Мұрағат