Қырғыз мүфтиі ерледі: АҚШ-та католик шіркеуінде азан шақырды (видео)
Қырғыз мүфтиі ерледі: АҚШ-та католик шіркеуінде азан шақырды (видео)
7 жыл бұрын 9913 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов АҚШ-қа сапары кезінде католиктер шіркеуінде азан шақырды. Айыр қалпақты ағайындардың бас мүфтиі сәур айының бас кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен діни тәжірибе алмасу және диалог орнату жөніндегі шара аясында болып қайтқан екен. Алайда, оның Атлант мұхитының ар жағындағы алып елдің католиктер шіркеуінде азан шақырып қайтқаны енді белгілі болып отыр. Оның шіркеу қызметкерлерімен келісіп барып қана азан шақырғанын айта кету керек. "Ол іс-шара бағдарламасында қарастырылғандықтан азан шақырды. Яғни, діни ұйымдардың өкілдері өз діндерінен бір нәрсе көрсетуі тиіс болатын. Азан намазға шақыру болғандықтан таңдадық",- деп айтылған мүфтият түсініктемесінде. 

1 пікір
  • Казактын муфтилери де Пайгамбарымыздын с.а.у Суннетине сайкес неге сакал коймайды,алде сакал койса Саляфи болып кетемиз деп ойлайма екен. Бизде бутында бриджи ,бетинде сакалы бар, Алланы аспанда дегендердин бари адаскандар болып саналады. Мусылмандарды жамандай бергеннен карапайым халык сакалы бар намазхан адамдарды корсе шошитын болды, нагыз фитна деген осы сиякты.
    7 жыл бұрын
Мұрағат