Құдайға сенім адамның ойлау жүйесіне байланысты болмай шықты
Құдайға сенім адамның ойлау жүйесіне байланысты болмай шықты
6 жыл бұрын 6558 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамның діндарлығы оның интуитивтік немесе аналитикалық ойлау жүйесіне байланысты емес. Ғалымдар мұндай тұжырымға қалай келді немесе нендей уәжге арқа сүйеп отыр? Осы тақырыптқа қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесі "діндарлар әдетте интуитивті тұрғыдан ойлайды және талдауға келгенде діни сезімін тұншықтырады" деген бұрынғы түсініктің түбегейлі қате екенін дәлелдеп берді. Жаңа зерттеу нәтижесі Scientific Reports мерзімді басылымында баяндалған. Ғалымдардың дені интуивті сенім (Intuitive Belief Hypothesis) гипотезасын жақтайды, яғни, олардың пайымдауынша, діндарлар тылсымға интуивті тұрғыдан сенеді деген гипотеза турасында айтылып отыр бұл арада, алайда, британиялық Ковентри және Оксфорд университеттерінің ғалымдары адамның құдайға деген сенімі туабітті қабілет екендігін алға тартып отыр. Былайша айтқанда, адамның құдайға деген сенімі оның дүниетанымына, көзқарасына, алған тәрбиесіне, өскен ортасына, т.б. байланысты емес. Алайда, аталған факторлар адамның діндарлығына белгілі бір ықпалын тигізбей қоймайды. 

0 пікір
Мұрағат