Органикалық ет кәдімгі етке қарағанда бактерияны аз жұқтырады
Органикалық ет кәдімгі етке қарағанда бактерияны аз жұқтырады
2 ай бұрын 345 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мультирезистентті бактерия кәдімгі етті жиі бүлдіретін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Джон Хопкинстің Блумберг денсаулық сақтау университетінің бұл тараптағы арнайы зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген ScienceDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігі органикалық ет ретінде сертификаттаған еттің адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті, соның ішінде, дәрі-дәрмекке төзімді бактерияларды жұқтыру қатері төмен болып шықты – кәдімгі етке қарағанда. Дәлірегі, органикалық ет мультирезистентті бактерияларға шалдығу қатері 56%-ға төмен. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары 2012-2017 жылдар аралығында жүргізілген, дәлірегі, аттай бес жыл бойы жүргізілген. Зерттеу барысында ет үлгілері кездейсоқ таңдалған, теі ірі қара еті емес, сонымен қатар, тауық, күркетауық, т.б. еттері әр жерден алынған. Яғни, ет үлгілерінен кеңінен тараған сальмонелла, кампилобактер, энтерококки жәнге ішек таяқшасы бактерияларының бар-жоғы тексерілген. Ұзын-саны 39 348 ет үлгісі зерделенген (тексерілген), олардың 1422-сінен бактериялар табылған. Кәдімгі еттегі бактерия жұқтырған үлгілері 4%-ға жеткен, ал органикалық етте бұл көрсеткеш 1%-дан кем. USDA-а ет органикалық өнім ретінде сертификатталуы үшін сойылатын малға антибиотик пен гормондар қолданылмауы тиіс, бұдан бөлек, жем-шөбі 100% табиғи болуы тиіс. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Блумберге жоғарғы оқу орнының қоршаған орта департаментінің профессоры Меган Дэвистің айтуынша, мал етінің бактерияға шалдығуына көбінесе мал жеміне антибиотиктің қосылуы себеп болады. Нәтижесінде антибиотикке бактериялардың төзімділігі артып, малдың бактерия жұқтыру қатері артады. Бактерия жұқтырған етті тұтынған адам науқасқа айналады.

0 пікір
Мұрағат