Неге ірі инвесторлар криптовалюта сатып алмайды?
Неге ірі инвесторлар криптовалюта сатып алмайды?
7 жыл бұрын 2325 naryk.kz

Швейцарияның UBS атты ірі қаржы холдингінің мәліметінше, криптовалюта спекулятивті көбік және ешқашан да негізгі валюта бола алмайды. 

Дей тұрғанмен, компания криптовалютаның көптеген салаларға ықпал ете алатынын да жоққа шығармайды.

Холдингтің таратқан баяндамасында «Соңғы кездері криптовалютаның күрт қымбаттауы нарықтағы спекулянттардың әсерінен деп білеміз. Бұл валюта түрі ешқашан да негізгі валютаға айнала алмайды» делінген.

Криптовалютаның негізгі валюта бола алмайтын себебі ретінде UBS сарапшылары сандық валютаның шығарылымының тым шектеулі екенін алға тартады.

UBS мәліметінше, нарықта жаңадан қандай да бір өнім шыққан кезде әдетте осылайша шамадан тыс қымбаттап, «көбікке» айналады. Бұндай тәжірибе XVII ғасырдағы қызғалдақ саудасынан басталған.

UBS бас директоры Серхио Эрмоттидың айтуынша, ірі инвесторлар сандық валютаға қызығушылық танытқанымен, ірі көлемде қаржы сала қоймайды. Өйткені, олар криптовалютаға әлі де сенімсіздікпен қарауда.

Айта кетейік, JPMorgan бас директоры Джейми Даймон биткойнды алаяқтық деп атаған еді.

0 пікір
Мұрағат