Мешіт пен шіркеу бірге орналасатын ғимарат салынбақшы
Мешіт пен шіркеу бірге орналасатын ғимарат салынбақшы
6 жыл бұрын 2564

Берлиннің орталығында мешіт, церковь және синогога ұстанушыларға арнап бір ғимарат салынбақшы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі House of One (Бірлік үйі - ред.) жобалық сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметіне қарағанда, храмның құрылысы 2019 жылы басталып, екі жылда бітіру жоспарланған. Ғимарат Германия астанасының "қақ жүрегі" — Балықшылар аралында орналасады.

Бұл жобаның негізгі мақсаты "әртүрлі діндер арасындағы пікірлестік пен идея алмасу" үшін керек. Жоба авторлары бұл жерге атеистердің де келуіне болады дейді. Мұндай келісімдер, кездесулер, пікір алмасулар храмның орталық залында болады.

Бұл жағдайда ғимарат әртүрлі діндер ғибадатханаларының құрылыс ерекшеліктерін ескере отырып, олардың барлығын бір шатырдың астында түйістіреді. Осылайша синогога мен мешіт шығысқа бұрылады.

Құрылыс жұмысы 43 млн еуроға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта қайырымдылықтан 8,6 млн еуро жиналды, оның 3,4 млн-ы федералды және аймақтық үкіметтерден.

Жоба жетекшілері құрылыс жұмыстары басталғанша 12 млн еуро жиналатынына сенімді. 

0 пікір
Мұрағат