Майлы тағамдарға салық салатын елдер қарасы артып келеді
Майлы тағамдарға салық салатын елдер қарасы артып келеді
7 жыл бұрын 5224 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дамыған елдерде адамдар тұтынатын тағам рационы сын көтермейді, дәлірегі, артық салмақ қосатын тағамдар күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналған. Осы үрдіске, яғни, жат әдетке байланысты майлы тағамдарға салық салатын елдердің қарасы артып келеді. Аталған салық түрін әлемде ең алғашқы болып Венгрия енгізген еді. 2011 жылы. Нақтырақ айтқанда, құрамында қант пен майдың қоспасы шамадан тыс көп тағамдарға. Келесі жылы мұндай тағамдарға салық салатын Венгрияның қатарын Ұлыбритания толықтырды. Ал Францияда халық санына шаққанда ересек тұрғындардың шамамен 20%-ы (айлық табысы €1500 ($1765) семіздік індетіне шалдыққан. Аталған елдегі айлық табысы 3 мың еуродан аспайтындар арасында бұл көрсеткіш 10%-ды құраған. Осы арада сөз реті келгенде айта кету керек, әлемдік экономика семіздік індетімен күресу үшін жылына 2 трлн доллардан астам қаржыны шығындайды екен. Десе де сарапшылар мұндай салық майлы тағамдарға әрі тәттіге құмар кедейлердің қалтасына артық салмақ салатынын, оларды жат әдеттен мұндай жолмен бас тартқыза алмайтынын алға тартып отыр. 

 

 

0 пікір
Мұрағат