Кітап пен оның электронды нұсқасын оқудың қандай айырмашылығы болатыны анықталды
Кітап пен оның электронды нұсқасын оқудың қандай айырмашылығы болатыны анықталды
33 минут бұрын 18 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қағаз кітапты оқитындардың интеллектуалды деңгейі сол кітаптың мәтінін цифрлы құралдар арқылы оқығандармен салыстырғанда жоғары келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Skillbox media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, кітапты қағаз жүзінде және электронды түрінде оқудың айырмашылығы бар: миға әсері біркелкі емес. Токио университетінің ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеуіне өз еркімен қатысқан 25 адам бір мәтінді алдымен қағазда, содан кейін планшетте оқыды. Бұл әдіс әр адамның ми белсенділігін түрлі форматтарда салыстыруға мүмкіндік берді. Оларға манга (комикс) мәтінін зерделегеннен кейін жауап беретін тапсырмалар берілді және бірнеше сауал қойылды. Тапсырманы орындау кезінде жапон ғалымдары мидың белгілі бір аймақтарындағы белсенділікті өлшеу үшін магнитті-резонансты томографты пайдаланды және екі тест тобының белсенділігінде бірнеше айырмашылықты тапты. Тәжірибеге қатысқандар екі жағдайда да сұрақтарға бірдей дәл жауап берсе де оқуды планшеттен бастап, қағазбен аяқтағандарға күрделі сюжеттік сұрақтарға жауап беру үшін әлдеқайда көп уақыт қажет болды. Мидың сканерленуі де мәтіннің қай түрінде  оқылғанына байланысты белсенділігінде айтарлықтай айырмашылық болатыны анықталды. Бастапқыда қағаздан оқығандардың мидың сөйлеуге жауапты маңдай бөліктерінде белсенділіктің төмендегені байқалды. Осы зерттеуге жетекшілік еткен нейробиолог Куниеси Сакаидің пікірінше, қағаздың артықшылығы - есте сақтауды, назар аударуды және эмоциялық интеллектіні дамытып қана қоймай, ойлану дағдысын қалыптастырады.

0 пікір
Мұрағат