|
Өздігінен көбейе алатын жасанды (синтетикалық) жасуша жасалды
|
Америкалық ғалымдар алғаш рет синтетикалық жасушаны нлден бастап құрастырып, оның толық өмірлік циклге ие екендігіе көз жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы biorxiv.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасуша - өмірдің негізгі іргетасы. Табиғи жасуша секілді бөліне алатын жасанды түрі пайда болды. Мұндай жасушаны жасау үшін ешқандай сиқырдың қажеті болған жоқ, бар-жоғы химиялық жүйе көмекке келді. SpudCell деп аталатын америкалық түтік туындысының небәрі 90 жұп килобаз геномы бар, бұл көрсеткіш адам геномыммен салыстырғанда 30 есе аз. Алайда, ғылыми қауымдастық бұл жаңалықты әрқалай қарсы алды. Мысалы, беделді басылымның рецензенттерінің бірі жобаның нағыз биологияға қатысы жоқ екенін және SpudCell-дің «өмірдің» барлық өлшемдеріне сәйкес келмейтіндігін мәлімдеді. Түсіндірейік: ол бірнеше ұрпақ ауысқанша көбейе алмайды, яғни, дер кезінлде көбеюге қабілетсіз, осыған байланысты эволюциялық процестен тыс қалады, ал оның өсу және бөліну циклі өте баяу, ал метаболизм қарқынды, бұл айтылғандар табиғи биологиялық жүйелердің жанында болымсыз әрі “жарымжан” көрінеді. Қолдан конструкцияланған әрбір жасанды жасуша барлығын қосқанда 90 мың геномы бар ДНҚ-ның шағын үзіктерінен (фрагменттері), ішінде жеті плазмид бар, сыртқы мембрананы имитациялайтын тірі көпіршіктерден, липомомнан, сондай-ақ, генетикалық нұсқаулықты нақты әрекетке ауыстыратын, дәлірегі, жасушаға қоршаған ортадан қоректік заттарды сіңіруге және бөлінуіне мүмкіндік беретін ақуыздар экспрессиясының қолдан жасалған жүйесінен тұрады. Ғалымдардың айтуынша, жасанды жүйе геномды іріктеуді, репликалауды (гендегі ақпараттарды көшіруді), өсуді, ресурстарға ие болуды және генетикалық тұрғыдан кодталатын бөлу процесін жүзеге асырады, алайда, ол сұйық ортадағы заттарға толығымен тәуелді және цитоскелеті, табиғи жасушаларды қолдайтын ішкі қаңқасы жоқ, осындай кем-кетігіне байланысты олар материалдарды тасымалдау немесе қалдықтарды кәдеге жарату қабілетінен мақұрым. Заңды сұрақ туындайды: ғалымдарға жасанды өмірді басынан бастап құру не үшін қажет болды? Химия мен биология арасындағы шекараны анықтаудан басқа синтетикалық жасушалық жүйелер болашақта дәрі-дәрмектерді, биоматериалдарды, химикаттарды және басқа да пайдалы органикалық заттарды өндіру үшін шағын биологиялық фабрикаларға айналуы мүмкін. Қазір зертханалардың медициналық инсулинді шығару үшін генетикалық түрлендірілген бактерияларды қалай айдаланатындығына ұқсас тәжірибелер жүргізілуде, дегенмен, толық синтетикалық тәсіл бұрын қол жеткізілмеген тиімділік пен ерекшелікті қамтамасыз етуге қабілетті епкенін көрсетеді.