Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді
Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді
3 жыл бұрын 3384 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытайда зертханалық зерттеуге арналған, яғни, ғылыми тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы байқалды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытайдың зертханалық маймылдарды өсіп-жетілдіру қауымдастығының хатшысы Чжао Шенлиге жөн сілтеген Sixth Tone ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қауымдастық жетекшісінің айтуынша, соңғы бес жылда мұндай маймылдар бағасы бес есе өсіп кеткен: бір маймылдың бағасы 280 доллардан 9600 долларға дейін шарықтаған. Тіпті, қымбат болса да сатып алуға бел буғандар мұндай маймылды нарықтан таба бермейді. Тәжірибе жүргізілетін маймылдарды өсіп-жетілдірумен айналысатын Jiangsu Johnsen Bioresource Co. компаниясының қожайыны Шжан Уеннің сөзіне қарағанда, маймылдың өмірлік циклінің ерекшелігіне байланысты маймылдармен қамтамасыз ете алмай отыр. Сарапшылар тәжірибеге арналған маймылдар бағасының шарықтап кетуін олардың өсіп-жетілу мерзімімен байланыстырып отыр – жыныстық қатынасқа пісіп жетілуі үшін сегіз жылдай уақыт кетеді. Сөз орайы келгенде тек зертханада өсіп-етілген маймылдарға тәжірибе жүргізілетінін айты кету керек.

Ұқсас материал:

«Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jyl-saiyn-tajiribe-barysynda-100-mln-dai-januar-galymdardyn-qolynan-oledi-15141/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат