Фаст-фудты организм инфекциялық ауру секілді қабылдайды
Фаст-фудты организм инфекциялық ауру секілді қабылдайды
3 жыл бұрын 1587 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

2018 жылы Бонн университетінің (Германия) ғалымдары фаст-фудтың организмге тигізер нақты зиянын анықтау үшін арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде фаст-фуд тек семіздікке ұрындырып қоймай, одан да ауыр салдарға соқтыратыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәжірибе басталған күннен талай уақыт өтті, әлі күнге жалғасын тауып келеді әрі нәтижелері енді жарияланып жатыр. Май мен қанттың және тұздың көп мөлшері организмге ұзақ мерзімді зиянын тигізетін болып шықты. Неміс ғалымдары фаст-фудтың организмге тигізер зиянын инфекциялық аурудың салдарынан кем түспейтінін алға тартып отыр. Ең қорқыныштысы – оның салдары адам өмірден өткенше сақталады. Бұл бағытта тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында оларға өздері қорек ететін дәннің орнына адам тұтынатын фаст-фудты ұсынған. Бір ай бойы кеміргіштер тек фаст-фудпен қоректенген. Нәтижесінде кеміргіштердің организімінде иммундық белсенділік артып, қауіппен күресу үшін көптеген жасушалар пайда болған. Иммундық жасушалардың көбеюі – инфекциялық аурулар кезінде организмнің сырттан енген бөгде нәрселерге қарсы тұруы, тойтарыс беруі үшін, бейнелеп айтқанда, жұмылдырылатын «әскери бөлімшесі». Организм фаст-фудтан жүрекке салмаұ түсетінін, бауыр мен бүйрекке қатер төнетінін білген. Иммундық жасушалар организмге вирус пен бактерия тап болғандай осылай әрекет етеді.

0 пікір
Мұрағат