|
Астанада ұялы телефонды тегін қуаттайтын орындықтар орнатылды
|
Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Айтулы шара қарсаңында елорда көшелеріне ұялы телефон қуаттайтын бағаналар мен орындықтар орнатылды, деп хабарлайды Сарыарқа ауданының әкімдігі.
«Астана ЭКСПО 2017» қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Астана» концерт залының алдындағы алаңға ұялы телефон қуаттайтын автономды бағаналар мен орындықтар орнатылды», – деп хабарланды Сарыарқа ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.
Аталған нысандар күн батареялары арқылы қуат жинауға негізделген және энергиялық тиімділігімен ерекшеленеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды
