Әлемде тұңғыш рет қалалар арасында ұшатын авткөлік қатынады (видео)
Әлемде тұңғыш рет қалалар арасында ұшатын авткөлік қатынады (видео)
3 жыл бұрын 5830 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропада автокөліктің жаңа тұрпаты қысқа саяхат жасады. Жалпы пайдаланылатын автокөлік тасжолымен еркін жүре алатын AirCar трансформацияланатын (түрленетін) жаңа моделі кәрі құрлықтағы бір қаладан екінші қалаға қатынады. Ұшып. Бұл жайында islam.kz порталы digitaltrends.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Автокөлік прототипінің рулінде Klein Vision автокөлігін өзі құрастырған Стефан Клейннің (Stefan Klein) өзі отырды. Ол Словакияның  Нитрасындағы халықаралық әуежай ұшу-қону жолағына машинамен жүріп келіп, сол жерден көкке көтерілді, 35 минуттан соң Братислав әуежайына аман-есен қонды. Қонды да қала орталығына жүріп кетті. Стефан Клейн ұшатын автокөлікті құрастыруға табаны күректей 20 жылын жұмсапты. Оның моделі 140-тан аса ұшып сынақтан өткізілген. Батырманы бір басу арқылы 135 секундта бұрылып, қанаты мен құрйғын жайып ұшуға сақадай сай тұрады. Ұшу жылдамдығының шегі – сағатына 190 шақырымға жете-қабыл. Ұшу биіктігі – шамамен 2500 метр. Келесі жылы ұшу жылдамдығын сағатына 300 шақырымға жеткізуді көздеп отыр. Багына жанармай толтырылғаннан кейін 1000 шақырымға дейін тоқтаусыз ұша алады.

0 пікір
Мұрағат