Ағаш муралдары таза ауамен демалуға мүмкіндік береді
Ағаш муралдары таза ауамен демалуға мүмкіндік береді
2 ай бұрын 528 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Будапеште стрит-арт суретшілері үй қабырғаларына ағаштың суреттерін салуда – ол тұрғындарға шын ағаш секілді тыныс алуына көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суретшілер өздерінің бұл еңбегінде фотокаталитикалық арнайы бояуды пайаланады, оның құрамындағы пигменттер күн сәулесінен белсенді күйге еніп, ауадан зиянды заттарды сіңіріп алып, оны қауіпсіз нитратқа айналдырады. Осылайша Neopaint Works командасы әзірлеген муралдар ауаны тазартады. Мәселен, суреттегі 500 шаршы метр аумақты алып жатқан мурал, Neopaint Works жетекшісі Барнабаса Янковицаның айтуынша, 500 ағаштың экологиялық эффектісін (әсерін) бере алады. Будапешт қаласында мұндай муралдар «Қала орманы» деп аталатын жоба аясында қолға алынып жатыр. Мұндағы мақсат мегаполистерде бақтар мен жасыл желектің жетіспеушілігіне былайғы жұрттың назарын аударуға саяды.

0 пікір
Мұрағат