|
Велисопедтен бақилық болғандар қарасы автокөлік апатынан көз жұмғандар санынан асып кеткен
|
Нидерландыда велисопедтің жол-көлік апатынан бақилық болғандар саны автокөлік апатынан көз жұмғандар қарасынан асып кеткен. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2017-2018 жылдар аралығында велисопед аатынан көз жұмғандар қарасы 206 адам болса, автокөлік апатынан 201 адам бақилық болған екен. Бұл мәлімет голландықтардың автокөліктен гөрі қоршаған ортаға зиянсыз әрі денсаулыққа пайдалы велисопедті көп пайдаланатынынан хабар береді. Десе де велисопед апатынан көз жұмғандар қарасының көбейгеніне қарамастан жол қозғалысы қауіпсіздігін зерттейтін институт мамандары автокөлікке қарағанда велисопедтің әлдеқайда қауіпсіз екенін алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
■
Көп ретті виза қажетті қызметтерді брондау процедурасынан құтқармайды
■
Cусамыр дертін иммуннитет белсенділігін тежемей-ақ емдейтін инновациялық әдіс пайда болды
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты