Үйлену тойын, жерлеу рәсімін сән-салтанатпен өткізуге тыйым салынды
Үйлену тойын, жерлеу рәсімін сән-салтанатпен өткізуге тыйым салынды
3 жыл бұрын 11137 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытайдың оңтүстік-батысында тұрғындарға үйлену тойын, жерлеу рәсімін, қандай да бір өзге де жеке өмірлеріне қатысты мерекелік шараларды сән-салтанатпен өткізуге тыйым салынды. Артық шығынға жол бермесі үшін. Бұл жайында islam.kz порталы «Би-би-си» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қытай билігі Цзянсу провинциясына қарасты Фунин өңірінің тұрғындарын жоғарыда айтылғандардан бөлек, туған күнді, қызмет бабымен өсуді, қоныс тойын т.б. желеу етіп өткізетін мерекелік іс-шараларға арналған сыйлықтың құнын 200 юаннан (31 доллар) асырмауға шақырып отыр. Бұдан бөлек, Юньнань првинциясының мемлекеттік қызметкерлерімен шақырылатын меймандар санын әрі дастархан жайылатын столдар санын келісіп барып іс-шараларды өткізуді талап етіп отыр. Дәлірегі, меймандар саны 200-ден, ал столдар саны 20-дан аспауы тиіс. Бұған қоса, барлық столға жайылатын дастархан шығыны 300 юаннан (46 доллардан) асырмауға үндеп отыр. Ал үйленген жұп пен жастар кортежі 10 автокөліктен аспауы керек. Қайтыс болған ададмның мәйітін ақтық сапарға шығарып салумен байланысты жоралғыларға да белгілі бір шектеулер қойылады. Осы орайда Қытай тұрғындарының ұлттық мәдениеті мен салт-санасына және әдет-ғұрпына байланысты жерлеу рәсіміне айрықша мән беретінін айта кетпекпіз. Өлім өмірден өткен адамның әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатына байланысты өтетінін айта кетпекпіз. Сол себепті, азалы күнді ары кеткенде 3 күннен артық созбауға үндеп отыр. Қытай билігінің мұндай шеутеу шаралы соңғы бірнеше жылдың ішінде әр өңірге біртіндеп енгізіліп келе жатыр. 2015 жылы Қытай коммунистік партиясына мүше тұлғаларға гольф-кулбқа кіруге тыйым салынды. Осылайша адамның жеке өміріне араласу арқылы артық шығыннан тыйып, үнемдеуге бастайтын тәртіптік шаралар халқы көп елде өз-өзін ақтайтын шаралар қатарына жатқызылып отыр.

0 пікір
Мұрағат