|
Тяньцзиндегі жарылыстан опат болғандар саны 42 адамға жетті
|
Қытайдың Тяньцзин логистикалық компаниясының қауіпті заттар қоймасында бейсенбіге қараған түні орын алған қуатты жарылыстан қаза тапқандар саны 42 адамға дейін жетті. Ал жарақат алғандар саны одан да көп – 400 адам шамасында. Бұл жайында «Синьцзиньбао» басылымы хабар таратты. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жарылыстың толқыны ондаған шақырымға дейін жеткен. Он өрт сөндірушінің қаза тапқаны туралы ақпарат расталды. 36 өрт сөндірушімен байланыс үзіліп қалған. Жарылыс орын алған нысанға жауапты компания басшылары тұтқындалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Климат дағдарысы тағы бір пұт пен пұтқа табынушылардың пайда болуына ықпал етіп отыр
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі