|
Пəтуа шығаруға байланысты халықаралық мүфтилер конференциясы өтпек
|
E-ISLAM ақпарат көзінің хабарлауынша, алдағы аптада Каирде пәтуа шығаруға байланысты халықаралық мүфтилер конференциясы өтеді.
Бұл бас қосуға әлемнің 50 мемлекетінің мүфтилері мен пәтуа шығаратын ғалымдары қатысады деп жоспарланып отыр.
Конференцияда қандай да бір мәселе жайында діни пәтуаны кеңесе отырып бірлесіп, әрі бір шешімнің нәтижесінде барлық қоғамға лайықты бір пәтуа шығару мәселесі көтерілетін болады.
Сонымен қатар, ислам әлемінде болып жатқан бір мәселені әр елдің ғалымдары түрліше талдап, түрлі бағыттағы пәтуалардың шығарудың алдын алып, бір мәмілеге келу құжаттарына қол қою көзделмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады